Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.05.2018

Парламент Мәжілісі депутаттарының – Аграрлық мәселелер комитеті мүшелерінің Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыларымен кездесуі (парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде).


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының, Аграрлық мәселелер комитеті мүшелерінің Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыларымен кезекті кездесуі өтті.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы реформалары жөніндегі консультанттары өндірісті субсидиялаудан өнімділікке және бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға көшуге негізделген отандық ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдерін ұсынды.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығын қолдаудың жаңа жүйесі Қазақстанның ауыл шаруашылығының әлеуетін зерттеуге негізделген әрі ұзақ мерзімді және болжамды тәсілдеуден тұрады.

Өз кезегінде депутаттар талқыланатын мәселенің маңыздылығын атап өтіп, сарапшыларға қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті орган агросектордың жекелеген салаларын субсидиялау тетіктерін қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады, бұл мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ауыл шаруашылығын дамыту бойынша белсенді ынтымақтастығын жалғастыру туралы шешім қабылданды.