Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.04.2018

Аграрлық мәселелер комитетінің «Қазақстан Республикасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірудің нақты жай-күйі, саланың даму перспективалары және проблемалары» тақырыбында тақырыптық отырысы (парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде).


Бүгін Комитеттің тақырыптық отырысы өтіп, онда қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірудің ағымдағы жай-күйі және саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

Отырысқа қатысушылар талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап көрсете отырып, ірі қара малдың аталған тұқымының даму проблемаларын шешуге жүйелі тәсілді әзірлеуді ұсынды, оның ішінде мынадай мәселелерді қарау: үйлесімді селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру; асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру; «Республикалық мал шаруашылығы жүйесі» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі; отандық асыл тұқымды өнім импортын дамыту; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жемшөп базасының қолжетімділігін арттыру; аграрлық ғылымды және осы саланың отандық кадрлық әлеуетін дамыту.