Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
26.07.2017

Мәжіліске Жапония Парламенттік Қорғаныс вице-министрі келді

Астана, 26 шілде, Мәжіліс Үйі. БүгінМәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов Жапония Парламенттік Қорғаныс вице-министрі Такаюки Кобаяшимен кездесті.

21.07.2017

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде

Астана, 21 шілде, Мәжіліс Үйі. 10-19 шілдеде Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Аягөз қаласы және Тарбағатай, Қарағаш, Ақши, Сарыарқа, Баршатас, Қосағаш, Мәдениет, Айғыз, Мамырсу, Шыңқожа ауылдарында, Жарма ауданының Шар қаласында және Қалбатау, Суықбұлақ, Бірлік, Жаңғыз-төбе, Қапай батыр, Үшбиік ауылдарында, Үржар ауданының Үржар, Қарақол, Шолпан, Жоғарғы Егінсу, Ақшоқы, Қарабұта, Көктал, Бестерек, Жаңа тілек ауылдарында 33 кездесу өткізді.

19.07.2017

Депутат Созақ ауданына барды

Астана, 19 шілде, Мәжіліс Үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділдә Жылқышиев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапармен болып, Созақ ауданындағы «UKO-S-star» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

13.07.2017

Мектеп құрылысы мерзімінде аяқталады

Астана, 12 шілде, Мәжіліс Үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылындағы орта мектеп құрылысында болып, жұмыс барысымен танысты.

12.07.2017

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде

Астана, 12 шілде, Мәжіліс Үйі. 10 шілдеден бастап Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

11.07.2017

Петропавлда Мәжіліс депутаттары көпсалалы жабдықтар зауыты жұмысымен танысты

Астана, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Петропавлда Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Петр Шарапаев, Кәрібай Мұсырман, Ольга Шишигина және Артур Платонов Көпсалалы жабдықтар зауытына барды. Депутаттар кәсіпорының жұмысымен танысты және еңбекшілермен кездесті.

11.07.2017

Мәжіліс депутаттары Орал қаласындағы «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан мектепті аралады

Астана, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Парламент Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Павел Казанцев және Қанат Мусин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келді.

10.07.2017

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

Астана, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева Алматыға іс сапармен келді.

10.07.2017

Мәжіліс депутаты Роман Ким Алматы облысында бірқатар кездесулер өткізуде

Астана, 10 шілде, Мәжіліс Үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты Роман Ким 2017 жылдың 1 мен 10 шілде аралығында Алматы қаласы мен Алматы облысына 20 шақты кездесу өткізді.

10.07.2017

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақмола облысына іс сапары жалғасуда

Астана, 10 шілде, Мәжіліс Үйі. Ақмола облысын жұмыс сапарымен аралап жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина, Сапархан Омаров, Михаил Чирков,Юрий Тимощенко, Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский және Жанат Омарбекова өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Камаз Инжиниринг» зауытында болып, жұмысшылармен кездесті. Жұмыс циклымен танысқан халық қалаулылары зауыт инжинерлерімен және қатардағы жұмысшы мамандармен бірқатар мәселелерді талқылады.

05.07.2017

Мәжіліс Төрағасы Қытай Ұлттық күнінің ашылуына қатысты

Астана. 5-шілде. Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты Комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэ Юэ «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Қытай Ұлттық күнінің ашылуына қатысты.

05.07.2017

Мәжіліс депутаттары мұнайшылар қаласында болды

Астана, 5 шілде, Мәжіліс Үйі. Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Тарас Хитуов, Балайым Кесебаева, Серік Құсайынов Жаңаөзен қаласына іссапармен барды.

05.07.2017

Халық қалаулылары Қызылорда облысында

Астана, 5 шілде, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл, Зауреш Аманжолова және Бақытгүл Хаменова Сыр еліне жұмыс сапармен келді.

04.07.2017

Мәжіліс Төрағасы Жапония Парламенті өкілдерімен кездесті

Астана. 4-шілде. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Өкілдер Палатасының депутаты Такео Кавамура бастаған делегациямен кездесті.

04.07.2017

Павлодарда Мәжіліс депутаттары медицина мәселелерін талқылады

Астана. 4-шілде. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысындағы жұмысын жалғастыруда. Бүгін депутаттар Александр Суслов, Айгүл Нұркина мен Айзада Құрманова бірқатар нысандарда болып қайтты.

04.07.2017

Мәжіліс депутаттары Қазығұрт ауданында болды

Астана. 4-шілде Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов, Ержан Құдайберген, Сәкен Қаныбеков, Мансұрхан Махамбетов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазығұрт ауданында болып, бірқатар кездесулер өткізді.

01.07.2017

Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесуге аймақтарға шықты

Астана, 1 шілде, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шықты.