Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Редакциялау және аударма бөлімі"

Қабош Батырболат Айтболатұлы
Редакциялау және сараптама бөлімінің меңгерушісі
1972 жылы 19 тамызда туған.

Білімі жоғары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты.

1995 – 1998 жылдар аралығында ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып қызмет етті.

1998 – 2002 жылдары – «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясының жетекші маманы, Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының ғылыми редакторы (Алматы қ.).

2002 – 2004 жылдары – «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ «Жаңа күн» шығармашылық бірлестігінде редактор-стилист, «Информ-А» ЖШС редакторы, «Атлас-2001» баспасы» ЖШС бас редакторы, «Глобус» баспа үйі» ЖШС директорының орынбасары (Алматы қ.).

2004 – 2009 жылдары – «Литер Media» ЖШС «Қазақстан теміржолшысы» газетінің редактор-тілшісі, «Айқын» газетінің тілшісі, Астана қаласындағы «Айқын» газеті тілшілер қосынының (пунктінің) жетекшісі.

2009 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің консультанты, сектор меңгерушісі.

2017 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2019 – 2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі басшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Жалпы бөлімнің сектор меңгерушісі.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялау және сараптама бөлімінің меңгерушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, жеті мерекелік медальмен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлімнің негізгі міндеттері: 1) Мәжілісте қаралатын заң жобаларының мемлекеттік тілдегі мәтіндерімен жұмыс жүргізу, заң жобалары бойынша бас комитеттер әзірлейтін қорытындыларды, салыстырма кестелерді аудару және редакциялау. 2) Мәжіліс қабылдап, Сенатқа жіберілетін заңдармен жұмыс жүргізу; 3) ратификацияланатын халықаралық құжаттарға сараптама жасап, оларға қатысты материалдарды аудару және редакциялау; 4) мемлекеттік тіл, терминология және аударма мәселелері бойынша конференциялар мен семинарларға қатысу(келісім бойынша).