Комитеттер отырысы

01.04.2014

2014 жылғы 1–ші сәуірде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту проблемалары туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Т.Қ. Есентаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О.В. Шишигина, Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісов, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Л.М. Қармазина, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Мұхамбетовтер қатысып сөз сөйледі. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге өз ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева бірінші мәселе бойынша қорытынды жасады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындылар қаралды. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

18.03.2014

2014 жылғы 18–ші наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында бірінші болып «Сұйықталған мұнай газын автомобиль отыны ретінде пайдалануды арттыру мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы А.А. Милютин және Экономикалық реформа және өңірлік даму комиетінің төрағасы С.С. Әйімбетов қатысты. Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі Т.Ж. Жұмадиллаев сөз сөйледі. Баяндама тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен Қомитеттің ұсыныстар жобасына өз ұсыныстарын айтты. Екінші болып «Әлеуметтік сала министрліктерінің және ведомстволарының ведомствоға қарасты ұйымдарды, холдингтерді, еншілес ұйымдарды басқару бойынша қызметі туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежанов, Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаев, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыпова, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатов сөз сөйледі. Аталған тақырып бойынша депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге өз ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

11.03.2014

2014 жылғы 11–ші наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Білім беру ұйымдарын нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, Алматы қаласындағы № 159 гимназияның директоры А.Т. Миразова, Астана қаласындағы № 38 мектеп-лицей директорының орынбасары Ж.Қ. Ғазиева, Білімді дамытудың «БЭСТ» қоғамдық қорының директоры Р.Д. Қуанышбаева қатысты. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

25.02.2014

2014 жылғы 24–ші ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазпошта» АҚ қазіргі жағдайы және даму перспективалары туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Бейсенбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ Коммуникациялық активтерін басқару директоры - «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі С.Б. Саудабаев, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұманғарин, Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің әкімі А.Қ. Ысқақов, Павлодар облысы Ертіс ауданының мәслихат хатшысы Ж.Н. Беспаев, «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ж.Қ. Бүкенов, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ вице-президенті Е.С. Қыдыр қатысты. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

04.02.2014

2014 жылғы 4–ші ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Халыққа коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді қалыптастыру туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы С.С. Әйімбетов және Мәжілістің бір топ депутаттары қатысты. Сондай-ақ отырысқа республикалық агенттіктердің басшылары - табиғи монополияларды реттеу агенттігі - М.М. Оспанов, тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі - Б.Б. Қуандықов, бәсекелестікті қорғау (монополияға қарсы) агенттігі Г.И. Оразбақов, Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крылов, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және жаңа технологиялар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, экономика проблемалары жөніндегі сарапшылар шақырылды. Отырысқа бейнеконференция арқылы «онлайн» режимінде Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тарифтердің өсуі қоғамның түйінді мәселелерінің бірі болып отыр. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылығы, өзге де республикалық ведомстволардың өкілдері Комитет отырысында жасаған баяндамаларында электр энергиясының соңғы бағасындағы реттелетін үлесі 50%-ға, газдың үлесі 40%-ға жуық көлемді құрайтынын атап өтті. Жылу энергетикасында және сумен қамтамасыз етуде барлық сала реттеледі. Басқа мүдделі мемлекеттік органдардың, облыс әкімдіктері басшыларының, сарапшылардың баяндамаларында коммуналдық шаруашылық саласындағы негізгі проблемалар, тарифті қалыптастыру мәселелері, осы саладағы проблемаларды шешу жолдары туралы айтылды. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар мемлекеттік органдарға ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

28.01.2014

2014 жылғы 28–ші қантарда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы істердің қазіргі жағдайы туралы»» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша білім және ғылым министрлігінің, Қазақ Ұлттық акдаемиясының, «Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдығының өкілдері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, және ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы сарапшысы шақырылды. Бірінші мәселе бойынша отырысқа Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Карл Молдахметұлы Байпаков және «Мұхтар Әуезов қорының» президенті М.М. Әуезов қатысты. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

12.12.2013

2013 жылғы 12 –ші желтоқсанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында бірінші болып «Түрік дүниесіне ортақ Руна-Сына жазуының күнін өткізу туралы» мәселе қаралды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді

Аталған мәселе бойынша отырысқа Білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, министрліктердің басшылары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары, осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдар қатысты. Ғылыми баяндамалармен депутат Алдан Зейноллаұлы Смайыл, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Оспанұлы Балықбаев, Түркі академиясының президенті, филология ғылымының докторы, профессор Шәкір Ыбырайұлы Ыбыраев, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, тарих ғылымының докторы, профессор Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов, ҚР Мәдениет және акпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Тарих ғылымының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы сынды зиялы қауым өкілдері сөз алды. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар В.К. Бишимбаев, К.Н. Бұрханов және басқалар да белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші мәселе «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» (бірінші оқылым) мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары туралы (бірінші оқылым) болды. Талқылау нәтижесінде, аталған заң жобалары бойынша қорытындылар мақұлданып, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына бірінші оқылымда шығаруға шешім қабылданды.

31.10.2013

2013 жылғы 31 қазан – 1 қараша аралығында Алматы облысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті.

Ол отырыс бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтері және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттары мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді. 31 қазанда депутаттар облыстың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап қайтты. Ескелді ауданында Н.Алдабергенов мемориалдық музейінің жұмысымен танысты, «Батырлар аллеясына» гүл шоқтарын қойып, ауылдық «Қарлығаш» бала бақшасын аралады. Қарабұлақ кентінде депутаттар аудандық мәдениет үйін, Титов атындағы орта мектепті, аудандық емханасын аралады. Оның қорытындысы бойынша Комитет төрайымы жергілікті және орталық БАҚ журналистеріне сұхбат берді. Қарашаның 1-де Талдықорған қаласының Тілдер сарайында Комитеттің көшпелі отырысы басталды. Оның жұмысына: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиева, облыс әкімінің орынбасары С.М. Мұқанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Е.Қ. Қошанбеков, облыстық басқармаларының басшылары, аудан әкімдері, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының және облыс әкімінің жауапты қызметкерлері қатысты. Өзінің кіріспе сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н. Назарбаева отырыста қөтерілген мәселелердің өте маңызды және мерзімді екенін атап кетті. Отырыста мәдениет саласы жан-жақты талқыланды, оның ішінде мәдениетке жұмсалған мемлекеттік шығындар, оның материалдық-техникалық базасы, қызметкерлердің жалақысы әңгіме болды. Сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиева, облыс әкімінің орынбасары С.М. Мұқанов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Р.Р. Есдаулетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі М.А. Ахмадиев, Текелі қалалық мәдениет үйінің директоры К.М. Нестеров, «Жәркент мешіті» мұражайының директоры Ш.Н. Тұрғанов, Жетісу ауылы мәдениет үйінің директоры Қ.Қ. Әбілқасымов, Іле ауданы Ақши ауылының кітапхана меңгерушісі Ж.Б. Мұнайтпасовалар аталған саладағы проблемаларды көтерді. Отырыста «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының бас сәулетшісі Николай Иванович Павленко «300 орындық ауылдық мәдениет үйі» үлгілік жобамен қатысушыларды таныстырды. Талқыланған мәселелер бойынша пікір-таласқа Комитет мүшелері белсенді қатысты. Мәжілістің нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Аталған мәселе бойынша отырыста айтылған пікірлер мен ұсыныстар алдағы жұмыстарда ескеріліп, ауылдық мәдениеттің дамуына өз лөсін қосады деп атап кетті. Комитет төрайымы көшпелі отырыстың ұйымдастыруы мен өткізілуіне көмек көрсеткен үшін Алматы облысы басшыларына алғысын айтып, қатысушылар мен шақырылғандарға жақсылық, бақ-береке, шығармашылық табыс тіледі.

29.10.2013

2013 жылғы 29–ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттің имидждік саясат туралы»» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Сыртқы істер, мәдениет және ақпарат, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктердің басшылары және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының өкілдері шақырылды. Бірінші мәселе бойынша отырысқа Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Д.Ә. Абаев қатысты. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының құрамын бекіту болды. Келесі кезекте өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қаралды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитетен келіп түскен заң жобасын бөлді.

22.10.2013

2013 жылғы 22–ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Бала жанұяда өмір сүруге тиіс»» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Білім және ғылым министрлігінің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылған. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған тақырыпта: Шолпан Байболова («Отбасын кешенді қолдау орталығы «Отбасы Академиясы» қоғамдық қоры), Асия Хайруллина (Әйелдер шығармашылық бастама лигасы» қоғамдық бірлестігі»), Марат Каирленов («Ulagat Business Group» компаниясы), Мадина Бакиева («Дара» жекеменшік қайырымдылық қоры»), Аружан Саин («Еркін Мейірімдік қоғамы» қоғамдық қоры»), Дина Сайфутдинова (Орта Азияның Еуразия Қоры) сөз сөйледі. Аталған мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбенов ақпарат берді. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Комитет отырысының нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

09.10.2013

2013 жылғы 9–ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселенің қаралуы жалғастырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаев баяндама жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Комитет отырысының нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

08.10.2013

2013 жылғы 8-ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында екі мәселе қаралды:

- «Білім жүйесін бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа тәсілдері туралы»; - «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» («Болашақ» бағдарламасы) Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бірінші мәселе бойынша «Interactiv Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы баяндама жасап, депутаттардың көптеген сұрақтарына жауабын берді. Екінші мәселе бойынша Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов өз баяндамасын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

30.09.2013

2013 жылғы 30-ші қыркүйекте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген екі отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселенің қаралуы жалғастырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Крықбаев, Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов өз баяндамаларын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарларын қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

23.09.2013

2013 жылғы 23 және 24- інші қыркүйекте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген үш отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселенің қаралуы жалғастырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенова, Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов, өз баяндамаларын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарларын қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

17.09.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген үш отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Спорт және дене шынықтыру істері бойынша агенттігінің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенова, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Қ. Ғалымова, Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т Төкежанов, Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиева, Спорт және дене шынықтыру істері бойынша агенттігінің төрағасы Е.Т. Қожағапанов өз баяндамаларын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Г.М. Ықсанова, Ж.А. Әлиев, В.К. Бишимбаев, М.А. Айсина, Г.С. Сейтмағанбетова, И.П. Аронова, Н.М. Петухова, М.А. Ахмадиев, К.Н. Бұрханов, К.Ә. Қаракен, В.К. Бишимбаев, А.З. Смайыл, С.И. Ферхо белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарларын қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселе бойынша орталық атқарушы органдарға айтылған ұсынастарды ескеруді ұсынып, аталған мәселені Комитет жақын арада қайта қарайтынын атап айтты.

27.05.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша өңірлерді тыңдау» мәселе қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, өңірлік-даму министрліктерінің өкілдері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдерінің орынбасарлары шақырылды. Отырысты ашқан Д.Н. Назарбаева аталған мәселенің өте күрделі екндігін атап кетіп, келесі сөзді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденовке берді. Одан кейін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселе бойынша аталған облыс әкімдерінің орынбасарлары: Сара Қайыржанқызы Нұрқатова, Серік Кенжебекұлы Сүлеймен, Фархат Шаймұратұлы Қуанғанов, Әли Әбдікәрімұлы Бектаев сөз сөйлеп, депутаттардың көптеген сұрақтарына жауабын берді. Аталған тақырыпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, И.П. Аронова, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейітмағанбетова, Ж.А. Әлиев, В.К. Бишимбаев, А.З. Смайыл, Ж.А. Ахметбеков, С.И. Ферхо белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселе бойынша орталық атқарушы органдармен өңірлерден келген қатысушыларға айтылған ұсынастарды ескеруді ұсынды. Келесі кезекте өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қаралды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.

23.04.2013

2013 жылғы 23-ші сәуірде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі кеңейтілген отырысы Казмедиаорталығында өтті. Отырыста бірінші болып «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау» мәселе қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің Бас прокуратураның өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-інің ғалымдары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Бірінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат А.З. Смайыл сөз сөйледі. Депутат өз сөзінде аталған тақырыптағы мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Одан кейін А.З. Смайыл отырысқа қатысушылардың көптеген сұрақтарына толығымен жауап берді. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейтмағанбетова, К.Н. Бұрханов және мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдері белсене қатысты. Аталған мәселе бойынша Бас редакторлар клубының Президенті Кенжеболат Махмұтұлы Жолдыбай, «Интерньюс – Казахстан» заңгері Ольга Александровна Диденко, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев сөз сөйледі. Сөз алғандардың бәрі де аталған заң жобасын қолдап онымен басталған жұмысты қолдайтынын айтып кетті. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін және заң жобасын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Келесі кезекте өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қаралды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.

18.04.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының жобасы туралы» мәселе қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов баяндады. Ол аталған жобаның бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Атап айтқанда министр аталған жобаның мақсаттары, жалпы жолдарымен іске асыратын механизмдері бойынша толығымен баяндады. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Аронова И.П., Г.М. Ықсанова, Г.С., Сейітмағанбетова, М.А. Айсина, М.А. Ахмадиев, Ж.А. Алиев, С.И. Ферхо белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін, алда өте көп жұмыстар күтіп тұрғанын атап кетті және әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Екінші болып «Жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша отырысқа ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынханов қатысып сөз сөйледі. Сөзінде вице-министр аталған тақырыптағы мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Атап айтқанда, мысалы, ол Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны, мамандардың даярлау сапасы мен проблемалары және бүгінгі жұргізіліп жатқан оңтайландырудың мақсаты туралы толық мәлімет берді. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Ж.А. Алиев, В.Қ. Бишимбаев белсене қатысты. Екінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселе бойынша білім және ғылым министрлігінің осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Үшінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.

04.04.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша әзірленген Комитеттің қорытындылары қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселені талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Ж. Әлиев, Г.И. Исимбаева, И.П. Аронова, М.А Айсина., Г.С. Сейтмағанбетова белсене қатысты. Мәселені қараудың нәтижесінде Комитет әзірлеген қорытындыларды қолдап, бас Комитетке жіберу туралы шешім қабылданды.

02.04.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (бірінші оқылым) мәселесі қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бұл мәселе бойынша отырысқа ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынханов және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П Шер қатысып сөз сөйледі. Олар аталған мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Ұсынылған Заң жобасы Қазақстан Республикасының төрт нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді: «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі; «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар аталған балалар санатаның тұрғын үй мәселелерін шешуін және олардың әлеуметтік жағынан бейімдеуін көздейді. Одан әрі депутат И.П. Аронова (жұмыс тобының жетекшісі) сөйлеген сөзінде жұмыс тобының жұмысы туралы ақпарат берді. Атап айтканда, жұмыс тобының 6 отырысы өткізіліп, депутаттар ұсынған жүзден астам толықтырулар мен өзгерістер талқыланған деп мәлімдеді И.П.Аронова. Бүгінгі күнде аталған заң бойынша әзірленген салыстырмалы кесте 24 позицияны құрайды. Толықтырулардың бір бөлігі ҚР Үкіметіне қорытынды алуға жіберілді. Аталған мәселені талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, И.П. Аронова, Г.М. Иксанова белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін атап кетті және әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларыны әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.

28.03.2013

Қазақстан Республикасы Параламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің 2013 жылғы 28 – інші наурызда, конференц-залында, сағат - 10.00-де өткен кеңейтілген отырысы жөніндегі АҚПАРАТ

2013 жылғы 28-ші наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып ««Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация минстрліктердің өкілдері, тиісті ғылыми институттардың басшылары, тіл білімі мамандары шақырылған. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бірінші мәселе бойынша депутат А.З. Смайыл сөз сөйлеп, аталған мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы ақпарат берді. Қазақ тілін латын графикасына біртіндеп көшіру мүмкіндіктерін отандық ғалымдар 1993 жылдары бастаған болатын. Одан кейін 2006 жылы Қазақстан халкы Ассамблеясының 12-ші сессиясында аталған мәселені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жан-жақты қарауын тапсырған. Сол кезде қазақ ғалымдары 5 жоба дайындап, қатысты мәліметтерді ҚР Үкіметіне тапсырған. Бүгінгі күнде, депутат А.З. Смайылдың айтуынша, қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы 100-ге жуық жоба дайындалған. Сонымен қатар, депутат, бұл мәселе бойынша алдағы уақытта көп жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті. Одан әрі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор М.М. Малбақов сөйлеген сөзінде институттің жұмыстары мен жоспарлары тұралы хабарлады. Бүгінгі таңда институт қазақ тілін латын графикасына көшірудің үш нұскасын дайындағанын және олардың ішінде ең тиімдісі – 31 әріптен тұратын аралас нұскасы деп атап кетті. Сонымен қатар, бұлардың бәрі ғалымдар мен мамандар арасында талқыланады. Сондай-ақ аталған мәселе бойынша М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Қалижанұлы, филология ғылымдарының докторы Құрманалиев Қ.А., ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары А.Қ.Төлешев сөз сөйледі. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Г.С. Сейітмағанбетова белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін, алда өте көп жұмыстар күтіп тұрғанын атап кетті және әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева, аталған мәселені ағымдағы жылдың қазан айында Комитет отырысында қайта қарайтынын атап өтті. Екінші болып «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (жаңа редакцияда) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды. Аталған заң жобалары туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Т.Б. Дуйсенова баяндады. Ол заң жобалары бойынша толық мәлімет беріп, депутаттардың көптеген сұрақтарына нақты жауап берді. Нәтижесінде Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева заң жобаларын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Одан әрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс туралы (заң жобасын әзірлеушілердің қатысуымен) депутат Қ.Ә. Қаракеннің ақпараты тыңдалды. Аталған мәселе бойынша сөйлеген ҚР Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетов заң жобасы туралы толық мәлімет беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Үшінші мәселені талқылау нәтижесін қорытындылап, Комитет төрайымы, заң жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді. Бұдан әрі Комитет өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.

28.02.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы» мәселесі қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бірінші мәселе бойынша депутат Н.М. Петухова баяндады. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов сөз сөйлеп, депутаттардың сұрақтарына толық мәлімет берді. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол отырысқа шақырылған заң жобасын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Екінші болып «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары туралы мәселе қаралды. Аталған заң жобалары туралы депутат М.М. Бегентаев өз баяндамасында толық мәлімет берді. Қаралып жатқан мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов қосымша баяндап, депутаттардың сұрақтарына нақты жауап берді. Нәтижесінде Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева заң жобаларын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Үшінші болып «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары туралы» мәселе қаралды. Аталған заң жобалары туралы депутат М.М. Бегентаев баяндады. Қосымша баяндамасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Күреңбеков Амантай Жанкеұлы аталған заң жобалары бойынша толық мәлімет беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Аталған мәселені талқылау нәтижесін қорытындылап, Комитет төрайымы, заң жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді. Төртінші болып «Азаматтық қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары туралы» мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша депутат Қ.Ә. Қаракен баяндады. Қосымша баяндаманы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Петров Валерий Викторович жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Аталған мәселені талқылау нәтижесінде Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева заң жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді. Бұдан әрі Комитет өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.

21.02.2013

2012 жылғы 21-ші ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Мемлекет басшысының «Қазақстанның элеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 кадам» атты мақаласында айтылған тапсырмаларын іске асыруға сәйкес, бейресми секторларда өзін - өзі жұмыспен қамтитын азаматтарды «өнімді жүмыспен қамтуға» тарту аясындагы мемлекеттік саясат» мәселесі қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов (негізгі баяндамашы), Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаев, Қаржы вице-министрі Р.Е. Даленов және Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы А.А. Смайылов қатысты.. Аталған мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов баяндама жасады. Министр халдықтың экономикалық белсенді құрылымы, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, жұмыспен қамтуды есепке алу, өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды зейнетақыны жинақтау және әлеуметтік сақтандыру жүйелерімен қамту проблемалары, азаматтарды «өнімді жүмыспен қамтуға» тартудың шаралары туралы айтып берді. Атап айтқанда министр былай деді: «Халдықтың экономикалық белсенді құрылымында барлығы 9 млн. адам экономикалық белсенді, оның 8,5 млн. жұмыспен қамтылған (10 жыл ішінде саны 27%-ке өскен), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -2,7 млн., жалдамалылар -5,8 млн., жұмыссыздар – 0.5 млн. адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн. адам жұмыспен қамтылғандардың 31,6%-ін құрайды. Барлық өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың: 90,8%-ті- ерікті, дербес жұмыскерлер, 6,7%-ті – жұмыс берушілер, 1%-ті өндіріс кооперативтерінің мүшелері, 1,5%-ті –отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскерлері. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн. адамның тек 902 мыңы, яғни 33%-ті тіркелген. Өнімді жүмыспен қамтылғандар (кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары) 961 мың, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар 1 759 мың адам». Министр сөзінің соңында өнімді жүмыспен қамтуды қамтамасыз етудің негізгі шараларын белгіледі. Соның ішінде С.С. Әбденов «Жол картасы жұмыспен қамту- 2020» кешенді бағдарламасын, «Жеке қосалқы шарушылық туралы» ҚР заңын қабылдау керектігіне назар аударды. Ауыл шарушылығы вице-мнистрі, Қаржы вице-мнистрі, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы қосымша баяндама жасады. Олар осы салада жүргізіліп отырған жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап берді. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар - Комитет мүшелері Д.Н. Назарбаева, И.П. Аронова, В.Қ. А.З. Смайыл, М.А. Ахмадиев, Г.И. Исімбаева, В.К. Бишимбаев, Г.С. Сейітмағанбетова, К.Н. Бұрханов, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі В.Б. Косарев белсене қатысты. Олар аталған саладағы бірқатар проблемаларды көтерді. Оладың ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге несие беру және оны қайтару, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқыту, қайта оқыту, өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың санаттары туралы, еңбек рыногінің даму ерекшеліктері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу, жеке қосалқы шаруашылық проблемалары жәәне т.б. мәселелер қызу талқыланды. Қойылған сұрақтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, шақырылған вице-министрлер, Агенттік төрағасы тарапынан толықтай да нақты жауаптар берілді. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол шақырылған министрліктер басшыларына, Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Келесі кезекте «Қазакстан Республикасынын ішкі істер органдары туралы» (жана редакция), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазакстан Республикасы заңдарының жобалары заң жобасын эзірлеушілердің қатысуымен, ішкі істер министрлігінің басшыларының қатысуымен талқыланды. Талқылау нәтижесінде Комитет осы заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды мақұлдады. Бұдан әрі Комитет Аграрлық мәселелер комитеті өткізетін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті проблемалары мен перспективалары» тақьірыбындағы парламенттік тыңдауды дайьшдау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның құрамына депутаттардың кандидатураларын белгіледі. Комитет арнайы уақытша комиссияның құрамына депутаттар Д.Н. Назарбаева мен В.К. Бишімбаевты сайлады. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.

14.02.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді.

Отырыста бірінші болып «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру туралы (сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттестік)» мәселесі қаралды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, (баяндамашы) Ерік Әбенұлы Байжүнісов, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Абдуламитұлы Әбенов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Сұлтанбайқызы Исаева, Ішкі істер вице-министрі Амантай Жанкейұлы Күреңбеков, Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Төтенше жағдайлар министрліктердің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Әбенұлы Байжүнісов аталған мәселе бойынша Ол өз баяндамасында денсаулық сақтау саласындағы сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттестік туралы толық ақпарат берді. Баяндамада мемлекеттік органдармен іс-қимыл жалпы жеті бағытта жүргізілетінін атап кетті. Олардың ішінде: Саламатты өмір салты мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, СДШІА, БҒМ, МАМ, Еңбекмині, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), ҮЕҰ), Дұрыс тамақтану мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, АШМ, БҒМ, МАМ, ЖАО), Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (БҒМ, ДСМ, СДШІА, ЖАО), Жол-көлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ІІМ, ЖАО), ТЖ кезінде шұғыл медициналық-құтқару көмегі мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ТЖМ, ДСМ), Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен күрес мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, ҚАЖК), Аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, ЖАО). Аталған тақырпты талқылауға депутаттар И.П. Аронова, А.З.Смайыл, Н.М.Петухова., Д.Н. Назарбаева, М.А. Айсина, Ж. Әлиев, К.Ә. Қаракен, Г.И. Исимбаева белсене қатысты. Аталған тақырыпта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер вице-министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Төтенше жағдайлар министрліктердің өкілдері баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Бұдан әрі депутаттар өзге комитеттен келіп түскен Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша әзірленген қорытындыны қарап, оны мақұлдады.

31.01.2013

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді.

Отырыстың алдында депутаттарға кітапхананың ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Комитет мүшелері Мемлекеттік электрондық кітапхананың (КазНЭБ) жұмысымен танысты, интернет-залын және оқырмандар залын аралады. Бірінші болып отырыста «Қазақстан Республикасындағы кітапханалар ісі туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева баяндама жасады. Ол аталған саланың бүгінгі хал-ахуалы туралы толық мәлімет беріп, кітапханалар ісінің жетістіктері мен проблемаларын атап өтті. Ол сөзінде, бүгінгі күні Қазақстанда 4136 кітапхана бар, оның ішінде – 3 республикалық, қалғандары – жергілікті (облысық және аудандық), жергілікті бюджеттерден қаржыланатындар. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған -1 республикалық кітапхана, 32 - жергілікті кітапханалар жұмыс істейді. Кітапханалардың 27 % интернет желісімен қосылған. Соңғы жылдары кітапханаларға жеткілікті қаржы бөлініп жатыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес үш жылға бюджеттен 436 млн тенге бөлінді. Көпшілік кітапханаларда 9214 кітапханашылар жұмыс істейді, олардың 30 пайызы- жоғары білімді. 14 пайыз-жас мамандар. Облыстық кітапханалрда істейтін кітапханашыллардың жалақысы- 48 мың тенгеден 52 мың тенгеге, ал аудандық кітапханаларда істейтіндердің жалақысы 38 мың тенгеден 46 мың теңгеге дейін. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, В.Қ. Бишимбаев, М.А. Айсина, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейітмағанбетова, А.З. Смайыл, Г.И. Исімбаева, М.М.Бегентаев, Ж. Әлиев белсене қатысты. Олар аталған саладағы бір қатар проблемаларды көтерді. Оладың ішінде кітапханалардың материалдық-техникалық базасы туралы, кадрлық қамтылуы, кітапханашылардың жалақысы, жаңа технологияларды енгізу, жұмыстың жаңа әдістері мен нысандарын жетілдіру туралы айтылды. Осы саладағы ең төменгі мемлекеттік стандарттардың әзірлеуі мен сақталуы туралы мәселелер де қозғалды. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Бұдан әрі депутаттар Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына әзірленген қорытындыларды қарап, оларды мақұлдады және қорытынды әзірлеуге өзге комитеттерден келіп түскен жаңа заң жобаларын өзара бөлісті.

24.01.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Отырысты Комитет хатшысы Г.М. Ықсанова жүргізді. Комитет отырысында өзге комитеттерден келіп түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына әзірленген қорытындылар қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша депутат В.Қ. Бишимбаев сөз сөйледі. Заң жобасын талқылаудан кейін Комитет мүшелері оны мақұлдады. «Азаматтық қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша депутат Қ.Ә. Қаракен сөз сөйледі. Заң жобаларын талқылауға депутаттар М.А. Айсина, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейітмағанбетова, А.З. Смайыл, Б. Смағұл, Г.И. Исімбаева қатысты. Заң жобаларын талқылаудан кейін депутаттар оған әзірленген қорытындыларды толықтырып, оларды Бас комитетке жіберу туралы шешім қабылдады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша депутат А.Қ.Нұркина сөз сөйледі. Заң жобасын талқылаудан кейін Комитет мүшелері оны мақұлдады. Бұдан әрі депутаттар қорытынды әзірлеуге өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын өзара бөлісті.

19.12.2012

2012 жылғы 19 желтоқсанда Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды (екінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі депутат Ферхо С.И.). Аталған заң жобасы екінші оқылымда мақұлдансын деген шешім қабылданды.

11.12.2012

Комитет отырысы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырыста «Тағам өнімдерінің бағасы және тұтынушылық себеті туралы» мәселелер қаралды. Осы мәселелер бойынша отырысқа Қазақстан Республикасы Экономикалык даму және сауда вице-министрі Т. М. Жақсылыков, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т. Өмірияев, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі С.Ә. Ахметов, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Т.С. Бамұқанов, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж. Ашуев, Қазақ тағам тану Академиясының зертхана меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.М. Айтжанов, «Ижевск» өндіріс кооперативінің бас директоры Ы.Д. Жанқоразов, «Родина» өндіріс кооперативінің директоры И.А. Саур, «Победа» ЖШС директоры А.В. Поляков және тағы басқалар шақырылды. «Тағам өнімдерінің бағасы туралы» мәселе бойынша депутат В.Қ. Бишимбаев баяндама жасады. Ол тағам өнімдерінің бағасының өсу проблемасына, ауыл шарушылық өнімдері өндірісінің күрт төмендеуіне, жеке шарушылықтағы қалыптасқан өткір мәселелерге, тұтынушылық себеті құрылымына және тұтынылатын тағам нормаларына, сонымен қатар осы салада орын алып отырған тағы басқа проблемаларға талдау жасады. В.Қ. Бишимбаев шығынның тағамға жұмсалатын үлесі 60%, тағамдық емес тауарларға 35%, ал тек 5%-і ғана қызмет көрсетуге кететінін атап өтті. Республикадағы халық саны 8,3%-ке өсті. Алайда мал басының саны жылдам азайғандығына, импорттың көлемі өте тез өскеніне, бағаның тоқтаусыз өсуде екендігіне, бағаны реттеу мәселесі тым жетілмегендігіне тоқтады. Үкімет тек 17 тауар түрлерінің бағасына ғана мониторинг жүргізеді, ал қалған тауарлардың саны мен сапасына, олардың бағасына ешкім қадағалау жүргізбейтіндігін алға тартты. Сөзінің соңында депутат мемлекеттік органдарға қалыптасқан жағдайды түзетуге қатысты бірнеше ұсыныстар жасады. Бұдан әрі аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалык даму және сауда вице-министрі Т. М. Жақсылықов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т. Өмірияев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі сөз сөйлеп, тағам өнімдері бағаларында қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру, жақсарту мақсатында министрліктерде, Үкіметте атқарылып жатқан нақты іс-шараларды атады. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдар басшыларының сөздерін депутаттар – Комитет мүшелері, отырысқа шақырылған басқа да депутаттар қызу талқыға салды. Мысалы, депутат Аронова И.П. ауыл шарушылық өнімдерін өндірушілер мен делдалдар, яғни алыпсатарлар арасындағы проблемаларға тоқталды. Депутат М.А. Айсина тағам өнімдеріне бағаның негіссіз тым шарықтап өсуін төмендету және отандық рынокты қорғау үшін, жайылымның жетіспеушілігі мен мал азығына бағаның шектен тыс жоғары болу проблемаларын шешу жолында Үкіметте қабылданған және келешекте қабылданатын нақты шараларға қатысты мемлекеттік органдар басшыларына сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі депутат О.А. Киколенко көрші елдерден қадағалаусыз әкелінетін тауарлардың демпингі, тұрақтандыру қорлары проблемаларын көтерді. Депутат А.Қ. Нұркина да ішкі рынокті қорғау шараларына, ауыл шаруашылық ассоциациясын құру мәселелері мен нормалардың табиғи төмендеуіне қатысты сөз қозғады. Депутат А.З. Смайыл мал шаруашылығының даму проблемаларына тоқталып, министрліктердің ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндейтін кәсіпорындар салуға баса көңіл аудару керектігін алға тартты. Депутат Қ.А. Қаракен отандық тамақ өнімдерінің бәсекелестікке қарсы тұра алмайтындығын және осы мәселеге қатысты қабылдайтын шараларды атап өтті. Депутат Г.И. Исимбаева тамақ өнімдерінің импорты мен экспортына қатысты проблемаларға тоқтады. Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева тауарлардың өзіндік құны, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістен бастап жинау, тасымалдау, сақтау мен өткізу, қажетті кадрларды даярлау бойынша логистиканы құру проблемаларына баса назар аударды. Бұдан әрі ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер атынан «Родина» өндіріс кооперативінің директоры И.А. Саур және «Победа» ЖШС директоры А.В. Поляковтар сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Олар «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заңды қабылдауды жеделдету қажеттілігіне тоқталды. Осыдан кейін Қазақ тағам Академиясының зертхана меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор М.М. Айтжанов «ең төменгі тағам себеті» мен «ең төменгі күнкөріс деңгейі» ұғымдарының Қазақстанда шығу тарихына тоқталды. Атап айтқанда, ол «тағам себеті» 2005 жылы бекітілгеніне және оның 5 жылда бір рет міндетті түрде қайта қаралу қажеттігіне қарамастан, осы уақытқа дейін оның өзгермегендігін баса айтты. Сонымен қатар «тағам себеті» ең басынан босқындар аштан өлмес үшін оларға көрсетілетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін алынғандығына назар аударды. Сондықтан «тағам себеті» ұғымы Еңбек және халықта әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа министрліктер үшін азаматтарға әлеуметтік көрсетудің көлемін есептеу үшін бағыт-бағдар бола алмайтындығын шегелей айтты профессор. Ол сонымен бірге соғыстан кейінгі Жапонияда пайдаланылған тек екі түрлі 1 кг нан мен 1 л сүттен тұратын энергиясы 2150 килокаллорияны құрайтын күндік тағам себеті туралы айтып берді. Мұндай шара адамның аштан өлмеуі үшін пайданылған болатын. Баяндамашы сөзінің соңында тағам себеті нормасын қайта қарау және ондағы тағамдардың түрлері мен энергетикалық құндылығын арттыру бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі екендігін атады. Осыдан кейін сөз алған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі есептеу әдістемесіне «ең төменгі күнкөріс деңгейі» ұғымын қолданудың ерекшеліктеріне және бұл мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жақында аяқталатынын айтты. Бұдан әрі сөз сөйлеген депутаттар М.А. Ахмадиев, А.З. Смайыл, Г.С. Сейтмаганбетова, С.И. Ферхо, О.А. Киколенко тағы да алыпсатарлардың қызметіне байланысты проблемаларға, мал азығы мәселесіне, ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің кредит алудағы қиындықтарына, кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдардың проблемаларына, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, тұтынушылық себетінің, ең төменгі еңбекақы мен ең төменгі зейнетақы мөлшерлерінің өзара әсеріне тоқталды. Кеңейтілген отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылай келе, барлық жауапты мемлекеттік органдар қаралған мәселелер бойынша жіберілген қателіктерді тез арада жөндеп, қордаланған проблемаларды шешу үшін барлық қолда бар мүмкіндікті толық пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.

07.12.2012

Парламенттің бірлескен отырыс залында «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі және переспективалары туралы» парламенттік тыңдау өтті. Парламенттік жарыссөзге Парламент депутаттары, Үкімет, Құрылыс және тұрғын үй - коммуналды шарушылық істері агенттік, «Қазақстан тұрғын-үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ, Тұрғын үй-коммуналды шарушылық (ТҮКШ) палатасы, Тұрғын үй құрылысын жүргізушілер Ассоциасы өкілдері, бірқатар облыстардың әкімдері, ірі құрылыс компаниялары мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары белсене қатысты. Парламенттік тыңдауды Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Баспанасыз азаматтармен қатар, авариялық жағдайдағы тұрғын үйлер тұрғындары да өте көп. Сондықтан авариялық үйлер тұрғындарының жағдайын жақсарту шараларын іске асыру да парламенттік тыңдаудың өзекті мәселесіне айналды. Осыған орай парламенттік тыңдаудың алдында Мәжіліс депутаттары ТҮКШ-ні жетілдіру бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен авариялық үйлерге барды және олардағы жағдаймен танысты. Бұл осы жұмысты белсенді жүргізу – аталған бағдарламаның дұрыстығын, өз уақытында және өте тиімді болып отырғандығын дәлелдейді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді жақсарту және жетілдіруде қалыптасқан жағдайға Премьер-министрдің орынбасары Қ.Е.Көшербаев, Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы С.К.Нокин талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Осы мәселеде Мәжіліс депутаты, парламенттік тыңдауды әзірлеу және өткізу жөніндегі уақытша арнайы комиссия төрайымы М.Айсина сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Аталған мәселені тақылауды одан әрі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев, Мәжіліс депутаты Р.Шаекин, Әлем экономикасы мен саясаты институтының директоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы қорының атқарушы директоры Б.Мұхамеджанов, «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ басқарма төрайымы Н.Наурызбаева, Мәжіліс депутаттары А.Соловьева мен Н.Логутов, «Инвестициялық құрылыс компаниясының» өкілі С.Рахымбеков, «Самұрық-Қазына қозғалмайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Б.Палымбетов, Астана қалалсы, Күйші Дина көшесі, 37- үй Кеңесінің төрайымы О.Кекк, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының бас маманы Б.Қанафин жалғастырды. Парламенттік тыңдауға қатысышулардың бәрі халықты, әсіресе халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігін, тұрғын үймен қамтамасыз етуде қолдағы бар барлық мүмкіндіктерді қарастыру керектігіне және қабылданған бағдарламалардың тек қағаз жүзінде қалып қоймауына басты назар аударды. Парламенттік тыңдаудың нәтижесінде тұрғын үй қатынастарындағы проблемаларды шешудің жан-жақты мәселелері қамтылған ұсыныстар жобасы қабылданды. Парламенттік тыңдаудың соңында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Назарбаева қорытынды сөз сөйледі.

04.12.2012

Комитет отырысы

Комитетің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу тұжырымдамасының жобасы туралы» және «Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы» мәселелері бойынша ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Байжүнісов сөз сөйледі. Бірінші мәселе бойынша вице-министр депутаттарды Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу тұжырымдамасының жобасын жан-жақты айтып берді. Вице-министр өз сөзінде, Қазақстанда бірінші рет медициналық техникамен қамтамасыз етудің картасы жасалғаны, оның медициналық техниканының бағасы, тозуы ескерілген үш үлкен бөліктен тұратынын атап өтті. 2012 жылы 9,96 млрд. теңгеге медициналық техника сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар ол республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына бір орталықтан және жекеленген тараптардан медициналық техниканы сатып алудың схемасын баяндады. 2011 жылдан бастап «ҚазМедТех» АҚ медтехника лизингі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1,9 млрд. теңге игерілді, онымен 8 медициналық ұйым қамтылды, 38 медициналық техника сатып алынды. 2012 жылы 1,2 млрд. теңгеге 85 медициналық техника сатып алынып, онымен 49 медициналық ұйым қамтылмақшы. Сатып алудың ашықтығын, сатып алынған медициналық техниканың кепілді қызмет көрсету сервисінің пайдалану тиімділігін, сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы сайт ашылды. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлауды іске асыру, медициналық ұйымдардың стандарттары, бөлінген қаржыны игеру, ауылдық жерлердегі ауруханаларды медициналық техникамен жарақтау, осы жабдықтармен жұмыс істейтіндердің білім деңгейі т.б. мәселелер бойынша депутаттар И.П.Аронова, С.И.Ферхо, Д.Н.Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Г.С.Сейітмағанбетова, Г.М. Ықсанова, В.Қ.Бишимбаев вице-министрге сұрақтар қойды. Вице-министр барлық сұрақтарға жауап берді. «Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы» мәселе бойынша да денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Байжүнісов сөз сөйледі. Ол аталған тұжырымданы іске асыруда атқарылып жатқан іс-шараларға тоқтады. Депутаттар тұжырымда тетігінің мазмұнына қатысты сұрақтар берді. Мысалы, депутат В.Қ.Бишимбаев медициналық ұйымдарды кадрлармен, әсіресе облыстар мен аудандарды балалар дәрігерлерімен қамтамасыз етудің проблемаларын көтерді. Депутат Г.И. Исимбаева медициналық кадрлардың жетіспеушілігін жою үшін министрлік қандай шаралар қабылдап отырғандығын және осы мәселе бойынша тәуелсіз сараптаманы кім жасайтындығын сұрады. Депутат Қ.Ә. Қаракен медицина қызметкерлерінің еңбекақыларының аздығы жөнінде мәселе көтерді. Депутат С.И.Ферхо медицина қызметкерлерін дайындау стандарттары, біліктілігін жетілдіру және мектеп медицинасының проблемалары жайында сөз қозғады. Депутат И.П. Аронова медицина қызметкерлерін сақтандыру мәселесіне тоқталды. Ал, М.А. Айсина мен В.Қ. Бишимбаев жоғары білікті кадрлар дайындау мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне басты назар аударды. Осы сұрақтардың бәріне денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісов нақты жауап берді. Талқылау нәтижесі бойынша депутаттар өздері айтқан ескертпелерді ескеру керектігін алға тарта отырып, денсаулық сақтаудың 2012-2020 жылдарға арналған кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын тұтастай мақұлдады. Бұдан әрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онамастика мәселелері бойынша өзгерстер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі – депутат А. Смайыл). ҚР заңының жобасы қаралды. Бұл мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат вице - министрі А.О. Қырықбаев сөз сөйледі. Заң жобасын талқылаудан кейін Комитет мүшелері оны бірінші оқылымда мақұлдап, оны Мәжілістің жалпы отырысының қарауына ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

21.11.2012

Комитеттер отырысы

Қазіргі уақытта Комитет 11 заң жобалары бойынша бас Комитет ретінде жұмыс атқарып келеді. Оның ішінде 9-ын ҚР Үкіметі ұсынған, 2 заң жобасын депутаттар ұсынды. Олардың ішіндегі: «Ардагерлер туралы», «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне генді-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс жалғасуда. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы 2012 жылғы 10 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Мәжілістің жалпы отырысында 14 қарашада бірінші оқылымда, 21 қарашада - екінші оқылымда мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілді.

20.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 20 қарашада Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» мәселесі қаралды. Бұл сұрақ бойынша білім және ғылым министрінің орынбасары М.А. Әбенов, «Алматыкітап баспасы» ЖШС-нің Директорлар Кеңесінің төрайымы Э.Н. Баталова, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нің вице-президенті Г.Н. Жарылқасымова, «Мектеп» баспасы» ЖШС-нің бас директоры Е. Ә. Сатыбалдиев шақырылды. Фойеде аталған баспалардың кітап көрмелері ұйымдастырылды. Отырыста сөз сөйлеген білім және ғылым министрінің орынбасары М.А. Әбенов бұл салада атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Ол кітаптарды шығару туралы Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Сингапур, Америка Құрама Штаттардың тәжірибесі зерттелгенін атап өтті. Біріншіден оқулақтарды шығарар алдында, олар мемлекеттік эксперизадан өтеді. Және де басқа альтернативтік оқулықтар пайдаланылады. Мемлекет оқулықтардың әзірлеуін қаржыландырмайды, тек қана – мемлекеттік тапсырыс. Оқулықтарды жекеменшік баспалар шығарады. 3-4 жылда бір рет оларға түзетулер енгізіледі. Аталған тақырыпты талқылауға шақырылған баспалардың басшылары да қатысты. Тақыланған мәселе бойынша депутаттар тарапынан көп сын айтылды. Отырыстың аяғында Комитет төрайымы талкылауды қорытындылап, министрлікке аталған мәселе бойынша бір қатар ұсынымдар мен сын ескертпелерді атып өтті.

14.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 14 қарашада Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды (екінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі депутат Исимбаева Г.И.). Аталған заң жобалары екінші оқылымда мақұлдансын деген шешім қабылданды.

13.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 13 қараша күні Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараты туралы» мәселе қаралды. Бұл бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А. Ахметов сөз сөйледі. Ол қаралып отырған мәселенің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды және депутаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Депутаттардың келешекте аймақтарға шығуына орай, министрлік кең көлемді анықтамалық ақпарат әзірлеп, оларды комитет мүшелеріне таратып берді.

08.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 8 қарашада Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасында цифрлы теледидардың дамуы туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаев, Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Скляр, «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Ә.М. Қадырәлиев, Қазақстанның Ұлттық телерадио хабарларын тарату Ассоциясының (ҰТРА) атқарушы директоры Ш.А. Жақсыбаева сөз сөйледі. А.О. Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде цифрлы теледидарға көшуде жүйелі жұмыстар атқарылып отырғанын атады. Бұл жоба Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп іске асырылып жатқандығы бұрында айтылған болатын. Мұнда көлік және коммуникация министрлігі жобаның техникалық шешімін табуға жауап береді. Бұдан әрі ол цифрлы теледидарды эфирлік таратуды енгізу «Телерадио тарату туралы» Заңының аясында жүргізетінін атады. Сонымен ағымадағы жылы аталған Заңға сәйкес телерадио хабарларын таратудың дамыту мәселесі бойынша Комиссия құрылды (6 бап), заңға тәуелді 15 нормативті құқықтық актілер қабылданған, отандық және шетелдік телерадио каналдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша есепке алу және қайта есепке алудың регламенттері мен стандарттары бекітілді. Жиілігі бар телеканалдар эфирлік цифрлы телерадио таратудың мультиплекстеріне тегін қосылады, ал цифрлы эфирлік және спутниктік хабар тарату каналдары 2015 жылға дейін, өтпелі кезеңде мемлекет есебінен тегін хабар тарата алады. Цифрлы телерадио хабарын таратуды дамыту бойынша құрылған комиссия стратегиялық мәселелерді қарайды, оны Мәдениет және ақпарат министрі Д. Мыңбай басқарады. Оның құрамы Үкіметтің қаулысымен бекітіледі. Комиссияның 1/3 бөлігі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұралы. Комиссияның 22 мүшесінің 8-і әртүрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, 3-уі Парламент депутаттарынан, 3-уі салалы ұйымдардың өкілдерінен қалыптасқан. Мәулен Сағатұлы Ашимбаев және Мұстақымқызы Ықсанова Мәжілістің аталған Комиссиядағы өкілдері болып табылады. Цифрлы эфирлік және спутникті хабар таратуды енгізу үшін министрліктің бюджетінде 2013-2015 жылдарға жеткілікті қаржы көзделген. Мысалы, «Отау ТД» телеканалына 2013-2015 жылдарға 663, 7 млн. теңге қаржы қарастырылған. Ал осы жылдарға эфирлік цифрлы хабар таратуға 9,8 млрд. теңге бөлінген. Мәдениет және ақпарат вице-министрі осы мәселеге байланысты келешекте атқарылатын міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар, ҰТРА және «Қазтелерадио» басшылары цифрлы теледидарды енгізуде жүргізіліп отырған жұмыстар мен туындаған проблемаларға назар аударды. Отырыс барысында депутаттар қаралып отырған тақырып бойынша көптеген мәселелерді көтерді. Отырыс соңында Комитет төрайымы тарапынан Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазтелерадио» адрестеріне бірқатар сын, ескертпелер айтылды. Сонымен қатар отырыста «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары» туралы мәселелер қаралды (бірінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі – депутат Г.И. Исимбаева). Осы мәселе бойынша Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Қ. Ғалымова сөз сөйледі. Ол заң жобаларының мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. А.Қ. Ғалымовадан кейін депутат Г. Исимбаева сөз алып, заң жобаларымен жұмыс тобының отырыстарында жүргізілген жұмыстар, заң жобаларына депутаттар енгізген елеулі түзетулер туралы айтып, депутатарды Комитеттің заң жобалары бойынша дайындаған қорытындыларының жобаларын қолдауға шақырды. Комитет заң жобаларын бірінші оқылымда Мәжілістің жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

05.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылдың 7 желтоқсанда өтетін «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі және перспективалар туралы» парламенттік тыңдауға дайындық жүріп жатыр. Аталған мәселе бойынша Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева бірнеше рет арнайы уақытша комиссияның отырыстарын өткізді. Аталған комиссияның алдында 2012 жылғы 5 қарашада «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Палымбетов Б.А. компанияның тұрғын үй салу мәселесі бойынша баяндама жасады. «Қол жетімді баспана -2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы әнгімеледі. Қарашаның 9-да Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төраға орынбасары Н.П. Тихонюк және Астана қаласының әкім орынбасары С.М. Хорошун ақпарат берді. 12 қарашада аталған проблемалар тұралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егемберді баяндама жасады. 13 қарашада «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ басқарма төрағасы А.А. Ибадуллаев және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Т.С. Рахымбеков баяндама жасады. 21 қарашада Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н. Назарбаева уақытша арнайы комиссияның мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-Министрдің кеңсесі қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс Аппаратының қызметкерлері және Парламент Шаруашылығы өкілдері қатысты. Отырыста арнайы уақытша комиссия басшысы депутат М. Айсина парламенттік тыңдауға дайындық жұмыстары туралы хабарлама жасады.

29.10.2012

Комитеттер отырысы

2012 жығы 29 қазанда ЮНФПА Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоныстану қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен бірлесіп депутаттарға арналған семинар өткізді. Семинар жұмысына ЮНФПА Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоныстану қорының Жауапты директоры О. Бабатунде мырза қатысып сөз сөйледі. Семинарға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

16.10.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 16 қазанда Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаев шақырылып, ол «Мемлекеттік тілді дамытудың проблемалары туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Негізінен Елбасының Жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамытудың проблемалары шешіліп отыр. Қазақстан халықтарының біртұтастығын қамтамасыз етуде және ұлт бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тіл ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан мемлекеттік тілді дамытуға басымдық беріледі. Атқарылып жатқан істердің барлығы осы салада көзге көрініп тұрған күрмеуі қиын бірқатар проблемаларды шешу маңайына топтастырылған. Бұл проблемаларды айтар болсақ, олар мынадай: Біріншіден, бұл қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әр деңгейлі, әртүрлі болуы. Екіншіден. елдің қоғамдық коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілді қолдану аясының әлі де болса тарлығы. Үшіншіден. елімізде тіл мәдениеті - тілдің терминологиялық базасын, лексикалық базасын күнделікті қолдануда көптеген әлі де болса атқарылатын істердің көптігі. Көрсетілген мәселелерді шешу үшін министрлік алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыр. Бірінші мақсат. «Мемлекеттік тіл - бұл ұлт бірлігінің басты факторы», деп Елбасымыз айтқандай осы мәселенің төңірегінде топтастырылды. Бұл мақсатты іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жұмыстарын ұйымдастыру көзделіп отыр. Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру директоры Ж.А. Жонтаева қарастырылып отырған мәселе бойынша қосымша ақпарат берді. Қаралып отырған мәселеге қатысты депутаттар бірқатар мәселелер көтерді. Талқылау нәтижесінде депутаттар аталған министрліктерге бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтты.

04.10.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 4 қазанда Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерстер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы жөніндегі мәселе қаралды (бірінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі – депутат С.И. Ферхо). Осы мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов шақырылды. Министр заң жобасының ерекшелігі және оны қабылдаудың салдарлары туралы айтты. Жалпы алғанда заң жобасымен 4 заңға, яғни зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын қорғайтын заңға және әлеуметтік сақтандыруды реттейтін заңға, Еңбек және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Бұдан әрі министр ұсынып отырған өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды. Талқылау барысында депутаттардың тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға нақты жауап берілді. Жұмыс тобының жетекшісі депутат С. Ферхо заң жобасы бойынша қосымша ақпарат берді. Сөзінің соңында С. Ферхо Комитет мүшелерін заң жобасын бірінші оқылымда Мәжілістің жалпы отырысының қарауына шығаруды қолдауға шақырды. Осыдан кейін «Қостанайлық меценаттар клубы» қоғамдық қорының тұсаукесері» мәселесі қаралды. Оның жұмысы жөнінде қор төрағасы М.Т. Әбенов сөз сөйледі. Ол мыналарды атап өтті. Қор 12 жылдан бері жұмыс істейді. Яғни 2000-ші жылдан бері. Осы жылды Елбасы-Ұлт көшбасшысы мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған болатын. Қордың негізгі міндеті облыстағы мәдениет пен өнер қайраткерлерін, шығармашылық интеллигенцияны қолдау үшін құрылған. Қорды ұйымдастырушылар экономикасы қазіргі заманға сай дамыған кәсіпкерлер құрған. Қорда қазір 22 меценат бар. Барлық меценаттар қордың қаржы көздері болып табылады. 2006 жылдан бастап алғаш рет қор құрылтайшыларының жылдық жарнамасы 7 мың АҚШ долларына дейін өсті. «Қостанайлық меценаттар клубы» мәдениет, өнер және журналистика салалары бойынша екі сыйақы тағайындаған. «Қазына» сыйақысы мәдениет және өнер салаларында үздік жетістіктері үшін беріледі. Ал «Шабыт» сыйақысы өнер саласындағы дарынды жобалар мен бағдарламалар, шебер орындаушы жастарға және талантты адамдарға беріледі. Меценаттар жыл сайын сыйақы мөлшерін белгілейді. Қор құрылған жылдары сыйақы мөлшері 3 мың доллар болса, қазір оның мөлшері 5 мың долларға жетіп отыр. Бұдан соң қор төрағасы депутаттар сұрақтарына жауап берді. Осы мәселе бойынша депутат И.П. Аронова сөз сөйлейді. Отырыста балалар мен жасөспірімдерді егу мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша депутат Н.М. Петухова мен денсаулық сақтау вице-министрі Ә.А. Байжүнісов сөз сөйледі. Вице-министр депутаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

24.09.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 24 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы болды. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру туралы» мәселе қаралды, оған ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Аида Дәденқызы Құрманғалиева қатысты. Отырысқа сондай-ақ ҚР қаржы вице-министрі Л.М.Кармазина да қатысты. Осы мәселені талқылауға кейінірек ҚР денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова да қатысып, депутаттардың қойған сұрақтарының бір бөлігіне жауап берді. Отырысқа қатысушыларға вице-министр мыналарды хабарлады. Бірінші бағыт шеңберінде – азаматтардың денсаулығын нығайту және өлімнің деңгейін азайту бойынша 1 триллион 506 миллиард теңге шығыс болжануда, оның ішінде 2013 жылы – 477,8 миллиард теңге, 2014 жылы – 509,8 миллиард теңге және 2015 жылы – 518,8 миллиард теңге көзделуде. Бірінші бағытты жүзеге асыруда 2015 жылға қарай азаматтардың өмір сүруінің ұзақтығын 70,1 жасқа дейін ұлғайтып, жалпы өлім көрсеткішін мың адамға шаққанда 7,62 дейін төмендетуге, ана мен сәби өлімін тиісінше 47,29 пайызға төмендетуге, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштерін 30 пайызға, онкоауруларды – 12 пайызға, туберкулезді – 32 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Екінші стратегиялық бағыт шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға 130,7 миллиард теңге сомасында шығыстар болжануда, оның ішінде 2013 жылға – 44,7 миллиард теңге, 2014 жылға – 47,6 миллиард теңге, 2015 жылға – 38,4 миллиард теңге. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасына осы үш жылдық кезеңге – 103,5 миллиард теңге көзделген, оның ішінде 2013 жылға – 29,3 миллиард теңге. 100 мектеп және 100 аурухана салу бағдарламасына – 90,5 миллиард теңге қарастырылды, 2013 жылға – 33,2 миллиард теңге. Осы шығыстар шеңберінде 13 өңірде жергілікті дәрежедегі 26 денсаулық сақтау объектісін салып бітіру болжануда. 350 дәрігерлік амбулатория, емхана, ФАП жобасына орта мерзімдік кезеңге 45,9 миллиард теңге көзделген, оның 12,1 миллиард теңгесі 2013 жылға. Осы шығыстар шегінде 28 денсаулық сақтау объектісін салып бітіру болжануда, және үш жылдық кезеңде біз осы бағдарламаны аяқтаймыз. Отырыс барысында вице-министр депутаттардың жекелеген бағдарламалар бойынша шығыстардың ұлғаю себептері туралы, отандық препараттардың атап айтсақ антибиотиктердің, сапасының төмендігі, денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық беріктігінің проблемалары, ғылымды қаржыландырудың азаюының себептеріне қатысты, медициналық қызметшілердің дифференциялық еңбекақыларының проблемалары, кадр тұрақтамауы, бөлінген қаржының тиімсіз және мақсатсыз жұмсалуы бойынша, медициналық сақтандыруды енгізудің перспективаларына қатысты сұрақтарына жауап қайтарды. Депутаттар сондай-ақ медициналық мекемелердегі тозған, көне медициналық жабдықтар туралы және жаңа, қымбат бірақ қолданылмай тұрған медициналық жабдықтардың проблемалары бойынша, республиканың пенитенциарлық жүйесіндегі екінші қатарлы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, балалар дәрігерлерінің жетіспеушілігі секілді басқа да проблемалық мәселелерді көтерді.

21.09.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 21 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы болып, онда бірнеше мәселелер қаралды. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында білім беру және ғылым саласын қаржыландыру туралы» мәселе қаралып, оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Қ. Ғалымова шақырылды. 2013-2015 жылдарға арналған Республикалық бюджетте Министрлікке 1 триллион 252 миллиард 100 миллион теңге сома көлемінде қаражат бөлу көзделген. Соның ішінде 2013 жылға – 411,6 млрд. теңге, 2014 жылға – 413,3 млрд. теңге, 2015 жылға – 427,2 млрд. теңге. Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мақұлданған шығыстар 2013 жылға – 91,1 млрд., 2014 жылға – 85,4 млрд., 2015 жылға – 92,5 млрд. теңге болып көзделген. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жалпы алғанда 2013 жыл шеңберінде «Балапан» бағдарламасына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 227 мың орынға 41 миллиард теңге сомасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді жүзеге асыруды көздейді. Білім беру объектілерін салуға 2013 жылға 44,2 миллиард теңге көзделіп отыр. 95 объектінің құрылысы, соның ішінде 11 республикалық объект, 21 балабақша, 59 мектеп және 3 КТЛ салу жоспарланды. Сондай-ақ электрондық оқыту жобасын жүзеге асыруға 15,3 миллиард теңге шығыстар да мақұлданды. «Болашақ» стипендиясы бойынша шет елдерде білім алуға – 16,2 миллиард теңге. Жоғары білімді және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды, соның ішінде «Назарбаев Университетінде» даярлауға. Жаңа жүйе бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға 2013 жылға 14,4 миллиард теңге сомасында қаржы көзделді. Жаңа жүйе бойынша 12605 мұғалім оқытылады және осындай біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбегіне ақы төлеу ұлғайтылады, бірінші деңгей – 100 пайыздық ұлғайту, екінші деңгей 70 пайыз, үшінші деңгей – 30 пайызды құрайды. Мемлекеттік органдардың ғылыми қызметін ұйымдастыруға 49,8 миллиард теңге көзделген, олардың 34,8 миллиард теңгесі БҒМ бағдарламаларына көзделген. Жалпы 2013 жылға ғылымды дамытуға 31,4 миллиард теңге көзделіп отыр, 9,6 миллиард теңге базалық қаржыландыруға жұмсалады. Отырыс барысында Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы депутаттардың мектептерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, лицензиялауға, мұғалімдердің жалақысын арттыруға, кадрлар даярлауға, оқытудың әдістемелеріне, ең төменгі стандарттарға, гранттық қаржыландыруға, оқулықтарды басып шығаруға, ҰБТ өткізудің әдістемелеріне, тәрбие жұмыстарын жүргізуге қатысты және басқа да сұрақтарына жауап қайтарды. Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар Қазақстандағы білім беру мен ғылымды дамыту жұмыстарын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берді. Қаралған екінші мәселе «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында спорт және дене шынықтыру саласын қаржыландыру туралы» мәселе болды, отырысқа ҚР Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары М.Е.Омаров шақырылды. Ол Агенттіктің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруға арналған шығыстары 97,3 миллиард теңге, соның ішінде 2013 жылға – 33,4 миллиард теңге, 2014 жылға – 33,7 миллиард теңге және 2015 жылға – 30,2 миллиард теңге екендігін хабарлады. Агенттіктің қызметі екі стратегиялық бағытта жүргізілетін болады. Бірінші бағыт, дене шынықтыру мен спортпен айналысуға шақыру арқылы қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Екіншісі, әлемдік аренада қазақстандық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның шеңберінде 12 бюджеттік бағдарлама және 2 бюджеттік даму бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Бірінші стратегиялық бағытты жүзеге асыруға арналған шығыстарға 2013-2015 жылдарға 1,8 миллиард теңге, соның ішінде 2013 жылға – 494 миллион теңге көзделген. Бұл шығыстар бұқаралық спорт шараларын, ұлттық спорт түрлерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ маңызды әлеуметтік жобаларды қамтамасыз етуге бағытталады. Екінші стратегиялық бағыт бойынша, ол қазақстандық спорттың әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 2013-2015 жылдарға арналған шығыстар 95,5 миллиард теңге сомасында, соның ішінде 2013 жылға – 32,9 миллиард теңге мақұлданды. 2013 жылы бұл шығыстардан 2,4 миллиард теңге сомасындағы қаражат спорттағы талантты балаларды оқытуға және тәрбиелеуге бағытталады. Спорт инфрақұрылымын дамытуға арналған мына іс-шаралардың шығыстары мақұлданды. Спорт объектілерін салуға және жаңғыртуға – 15 миллиард теңге, соның ішінде Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасын салуға – 3,8 миллиард теңге, Щучинск қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салуға – 6,9 миллиард теңге, Астана қаласында олимпиадалық дайындық орталғының көпфункционалдық спорттық кешенін салуға – 4,3 миллиард теңге көзделген. Спорт объектілерін дамытуға арналған мақсатты трансферттер, Алматы қаласында халықаралық шаңғы трамплині кешенін салуға – 800 миллион теңге. Ол одан әрі депутаттардың спортшылар мен жаттықтырушылар құрамына, спорттық ғимараттардың жай-күйіне, спортшыларды даярлаудың ғылыми бағытына, ауылдағы спортты дамытуға, спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға, дене шынықтыру-сауықтыру кешендеріне қатысты қойылған сұрақтарына жауап қайтарды. Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарын жандандыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

20.09.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 20 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жерде «Азаматтарды зейнетақымен қамту, ең төменгі күнкөріс деңгей, балаларға берілетін жәрдемақы, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақы проблемалары» мәселесі қаралған болатын (2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралуына байланысты). Шағырылғандар және сөз сөйлегендер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.А. Ахметов, мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаев. Атап айтқанда, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.А.Ахметов депутаттарға «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес республикалық бюджеттен 2012 жылда әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке ағымдағы жылдың жалпы ішкі өнімнің 4,2 пайызын құрайтын 1 триллион 219 миллиард теңге бөлінгенін айтты. 2013-2015 жылдарға арналған бюджет жобасы бойынша: 2013- жылда жалпы ішкі өнімнің 3,4 пайызын құрайтын 1 триллион 360, 2014- жылда жалпы ішкі өнімнің 3,8 пайызын құрайтын 1 триллион 496, 2014- жылда жалпы ішкі өнімнің 3,2 пайызын құрайтын 1 триллион 727 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Зейнетақы жұйесі тұрақты жетілдіруде. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысының тиімділігі өте төмен болуда. Осы жағдайдың Бірінші кезектегі себебі ішкі жүйелігінің жетілмегендігі. Жұмыс жасамайтын әйелге бірінше баласы үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақы 5,5 АЕК мөлшерінде (бұл барлық жұмыс жасамайтындар үшін), екіншісіне -6,5 АЕК, үшіншісіне – 7,5 АЕК, одан кейнгілерге 8,5 АЕК құрайды. Бұл жалпы барлығы үшін. Жұмыс жасайтын әйелдерге – бір жыл бойына жалақының 40 пайызы төленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгей 1999 жылғы заңға сәйкес айқындалады және жалақының, зейнетақының, негізгі әлеуметтік төлемдердің ең төменгі мөлшерлерін анықтау және бекіту үшін негізгі әлеуметтік стандарт ретінде қолданылады және жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітіледі. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақылары бойынша вице-министр жоғарғы білімі бар артист маманы 120 мың теңгеге дейінгі жалақыны ала алатынын айтты. Бұдан басқа оларға кәсіби шеберлігі үшін базалық лауазымдық окладынан 50 пайыз қосымша ақы төленеді. Орта білімі бар маман 100 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бұл - бүгінгі күні қалыптасқан жағдай. Мәдениет және ақпарат вице-министрі бұл мәліметті растады. Десек те, ауылдық жердегі мәдениет қызметкерлердің жалақысы 40 мыңға жуық, облыстық кітапханашы 60 мыңға жуық жалақыны алады. Бұдан әрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі министрлік зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақыларды, оның ішінде көпбалалы аналардың жәрдемақысы да бар, жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын дайындап, оларды Үкіметке жібергені жөнінде айтты. Алайда Үкімет әлі күнге дейін бұл мәселелер бойынша нақты шешім қабылдаған жоқ. Сонымен қатар вице-министр депутаттардың бірнеше сұрақтарына жауап берді. Мәдениет саласындағы қызметкерлердің еңбекақылары бойынша Мәдениет және ақпарат вице - министрі А.О. Қырықбаев қосымша баяндап өтті. Сонымен бірге «Республикалық мәдениет мекемелерінің проблемалары» мәселесі бойынша Мәдениет және ақпарат вице - министрі А.О. Қырықбаев сөз сөйледі. Ол «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық, облыстық маңызы бар қалалар мен ауылдық деңгейдегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгі штаттары туралы» Үкімет қаулысының жобасы дайындалғаны жөнінде айтты. Құжатты дайындауда әлемнің озық тәжірибесі пайданылды, сонымен қатар жергілікті атқарушы және орталық органдардың мүдделері ескерілді. Алайда Үкіметте әлі күнге дейін бұл қаулы қабылданған жоқ. Келешекте бүкіл республика бойынша 1300-ден аса мәдениет ұйымдарын салу қажеттігі айтылды. Депутаттар балет және үрмелі аспаптар әртістерінің зейнеткерлік жастарын төмендету, облыстық театрлардың актерларға аса зәру екендігі, аймақтарда әр түрлі жанрлардағы білікті әртістердің тапшылығы жөніндегі мәселелерді көтерді. Кадр дайындау мәселесіндегі тапшылық -шығармашылық ЖОО-лардың Білім және ылым министрлігінің қарауында болуында болып отыр. Бұл мәдениет ұйымдарына жеткілікті түрде кадр дайындауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат вице - министрі А.О. Қырықбаев депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Отырыс нәтижесі бойынша депутаттар министрлік жұмысының жетілдіруіне, жақсартуына қатысты бірнеше ұсыныстар мен ескетпелер айтты.

17.09.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы қыркүйектің 17-18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Комитеттің көшпелі отырысы өткізілді. Көшпелі отырыстың мақсаты - өңірдің әлеуметтік саласымен танысу, ғылыми, әлеуметтік, мәдени нысандарға бару. Делегация құрамында Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева мен 15 депутат, комитет мүшелері болды. Комитеттің көшпелі отырысының облыста өтуі, олардағы қордаланған проблемалармен танысуы облыс үшін және депутаттардың республикалық деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерінде де тәжірибелік маңыздылығы зор болды. Өңірдің әлеуметтік саласы тұрақты дамуда, халық тұрмысының деңгейі мен сапасы жақсаруда. Оған экономиканың нақты секторының өсуі игі әсер етуде. Іс-сапар шеңберінде Комитет «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты (15 қыркүйекте Өскемен қаласында жаңа қоныстанушыларға салтанатты түрде көп қабатты үш үйдің кілттері тапсырылды). Жыл аяғына дейін жалпы сомасы 3 млрд. теңгені құрайтын қосымша төрт несиелік үйлер құрылысының аяқталуы және Өскемен қаласында алты үйдің құрылысы мен Семей қаласында екі үйдің құрылысының басталуы жоспарлануда. Облыс бюджетінің 50 пайызы әлеуметтік саланың дамуына бағытталған. Жалпы үш жылда бюджеттік қаражат көлемі білім беру саласында 1,6 есе, денсалық сақтау саласында 1,7 есе өсті. Депутаттар облыста болу бағдарламасы бойынша мына әлеуметтік нысандарда болды: №45 орта бейінді мектеп, Жасөспірімдер үйі, жекеменшік емхана. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысу шеңберінде депутаттар жаңа өндіріс орындарында болды. Олар – тігін цехы және омарташылық өнімді өткізетін «Апимондия» несиелік серіктестігі. Жалпы, бағдарлама бойынша тек қана өткен жылда 2541 адам оқуға жіберілді, 2 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1129 адам жастар практикасына жіберілді, 837 адам несие алды, 843 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Алғашқы рет аз қамтылған азаматтарды кедейшілік пулынан шығару бойынша қаржыландыру сомасы 48 млн. теңгені құрайтын 5 пилоттық жобаның іске асырылуына бастамашылық жасалды. Бұған облыстың барлық аудандарынан 1069 адамды қамту жоспарлануда. Обыста ғылым мен өндірістің байланысы дамуда. Инженерлік нысандағы «Іргетас» зертханасы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Үлкен Алтай» геологиялық мұражайына бару ұйымдастырылды. «Алтай» технопаркында депутаттарға әртүрлі инновациялық жобалар, құрылыс бюросы, сервситік орталық және мемлекеттік – жекеменшік әріптестік орталығы көрсетілді. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің, туристтік әлеуеттің көрмелері ұйымдастырылды; индустриялық – ииновациялық дамудың, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылу тұсаукесерлері көрсетілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Комитетінің көшпелі отырысында республикалық деңгейде шешуді талап ететін өңірдің әлеуметтік- мәдени дамуының проблемалық мәселелері айтылды. Депутаттардың жұмысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің жас ғалымдарымен кездесуімен аяқталды.

13.09.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 13 қырқүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті, комитет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселені қарады (заң жобасы бойынша қосыма баяндамашы – депутат Г.С. Сейтмағанбетова). Отырысқа ҚР қорғаныс вице-министрі С.Н. Громов шақырылды. Ол өз баяндамасында заң жобасының мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты. Заң жобасының қабылдануы Қазақстандағы әскери қызметтің, жауынгерлер мен офицерлердің беделдерінің жоғарылауына оң да игі әсер ететіндігіне назар аударды. Заң жобасы қабылданса, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, мемлекеттік мереке болатын болды. Сонымен қатар отырыста заң жобасы бойынша Мәжілістің отырысында Комитет атынан қосымша баяндама жасайтын депутат Г.С. Сейтмағанбетова сөз сөйледі. Заң жобасы Комитет мүшелері тарапынан қолдау тапты және Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына енгізу ұсынылды.