Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Халықаралық қызмет


12.11.2013

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Швейцария конфедерациясы Парламенті Кантондар кеңесiнiң төрағасы Филиппо Ломбарди екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті жағдайларын талқылады.

Атап айтатын болсақ, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында қос ел парламенттерінің өзара іс-қимылын нығайту, заңнамалық салада тәжірибе алмасу, сондай-ақ, ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы байланыстарды ынталандыру мәселелері сөз болды. Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жұмысының басым бағыттарына тоқтала келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясын» заңнамалық қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан істерге баса назар аударды. Қазақстан үшін аталған мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму саласындағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Филиппо Ломбарди өз кезегінде халықтар арасындағы өзара ынтымақтастықты және жалпы бейбітшілікті нығайтуға ықпал ететіндіктен екі елдің парламентаралық байланысының маңызы зор екендігін атап өтті. Тараптар барлық сала бойынша қазақстандық-швейцариялық өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалай келіп, осы ықпалдастықты одан әрі нығайту екі мемлекет басшыларының да етене байланысына өзіндік әсер ететінін тілге тиек етті. Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Швейцария соңғы 5 жыл көлемінде көшбасшылық деңгейден түспей, инновацияның әлемдік орталығына айналуда. - Бізде, әсіресе, Қазақстан экономикасын жаңғырту бағдарламасы аясында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың керемет мүмкіндігі бар,-деді Н. Нығматулин. Сондай-ақ, сауда-экономикалық әріптестік, Орталық-Азия аймағындағы қауіпсіздік, соның ішінде, Ауған мәселелері де кездесушілер назарынан тыс қалмады. Жүздесу соңында Мәжіліс Спикері 2014-жылы «Баршаның мүддесі жолында қауіпсіздік қауымдастығын құру» ұранымен өтетін Швейцарияның ЕҚЫҰ төрағалығы аталған аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

24.10.2013

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Германия Федеративтік Республикасы Бундестаг сыртқы істер жөніндегі комитет мүшесі Юрген Климкемен кездесті.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылап, достық қарым-қатынасты және стратегиялық әріптестікті тереңдету жайын сөз етті. Сондай-ақ, халықаралық саясат, соның ішінде, Орталық-Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Ауғанстанды қалпына келтіруге ықпал ету сияқты өзекті тақырыптар жайында пікір алмасты. Кездесу иелері парламентаралық ынтымақтастық аясында етене байланысты одан әрі нығайтуға сенім білдірді. Жүздесуге сондай-ақ, Германия Федеративті Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов қатысты.

23.10.2013

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин біздің елімізге ресми сапармен келген Венгрия Мемлекеттік Жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, Венгрия – Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі. Қос мемлекет арасындағы сыртқы сауда айналымы 2012-жылы 258 млн АҚШ долларын құраған. Қазіргі уақытта елімізде 49 қазақстандық-венгриялық бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Халықаралық саясаттағы өзекті мәселелерге келетін болсақ, кездесу иелері Қазақстан мен Венгрияны аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы ұқсас ұстанымдар біріктіретіндігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды бастамаларының арқасында біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы көкейкесті тақырыптар талқыланатын, беделді халықаралық сұхбат алаңы ретінде танылғандығын баса атап өтті. Өз кезегінде Ласло Кёвер, қазақстандық-венгерлік қарым-қатынас деңгейіне, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында біздің еліміздің жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді. Парламентаралық әріптестікке де баса мән беріліп, тараптар Қазақстан мен Венгрия парламенттері арасында үздіксіз даму жолына түскен сындарлы сұхбат орнағанын тілге тиек етті. Мәжілісте Венгриямен ынтымақтастық жөнінде 9 депутаттан тұратын топ жұмыс істейді, ал, Венгрия Парламентінде Қазақстанмен достық тобында 17 депутат бар. Мәжіліс Төрағасы парламентаралық байланыстар мен екіжақты қатынастарды әсіресе, біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және саяси дамуының жаңа бағытының негізі болып табылатын «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Ласло Кёвердің атап өткеніндей, салалық комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасында заң шығармашылық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында өзара қолдау көрсетудің мәні зор. Мәжіліс Төрағасы мен Венгрия Мемлекеттік жиналысының Спикері Қазақстан мен Венгрияның келешекте де өзара іс-қимылды, соның ішінде парламентаралық деңгейде табысты дамыту болашағының зор екенін атап өтті.

16.10.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қазақстан-қытай қатынастарына қатысты мәселелерді талқылады.

ҚХР Төрағасы өзінің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары жайында айта келе: - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен арамызда болған жан-жақты келісімдердің жағдайын қорыта келе көлемді мәселелердің келісіміне жеттік деп ойлаймын. Біздің ынтымақтастықтарымыздың арқасында, пікір аламасуларымыз тәжірибелік салада дамып, нәтижесін беруде. Ең бастысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуміздің арамызда осы сапар аясында мықты бір достық орнады. Байқағандарыңыздай, қайта өңдеу мен ауылшаруашылығы секторында, көлік және коммуникация, экономиканың тағы да басқа салаларында келісімге келдік. Қазақстан-қытай компаниялары арасында жалпы құны 35 млрд. долларды құрайтын шарттарға қол қойылды. Әңгіме барысында Қазақстан мен Қытай парламентшілері арасындағы өзара байланыс мәселелері өз алдына бір тақырыпқа айналды. Си Цзиньпин парламентаралық ынтымақтастық – қазақстан-қытай жан-жақты стратегиялық серіктестік құрайтынын атап өтті. Оның мемлекетаралық қатынастардың өркендеуіндегі алар орыны айырықша. Мәжіліс Төрағасы Нурлан Нығматулин қазақстандық парламентшілер екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық-әлеуметтік және де басқа салаларда өзара байланысты нығайта түсу жолында өз үлестерін одан әрі қосуға әрдайым әзірліктерін жеткізді. - Қазақстан парламенті екі ел көшбасшылары арасындағы стратегиялық келісімдерде жеткен жетістіктерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге айрықша назар аударады,- деп атап өтті Мәжіліс Спикері.

15.10.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзян әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын тарихи құжатқа Пекинде қазақстандық парламент өкілдерінің қытайлық әріптестерімен кездесуі барысында қол қойылды. Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэцзян екі елдің заңнамалық органдары арасындағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқыға салды. Тараптар қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Осы жолда мемлекеттер Көшбасшыларының қол жеткізген келісімдері өзара түсіністік пен тату көршілік жағдайында қарқынды және сындарлы даму жолына түскен мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын үлгісіне айналғандығына баса назар аударылды. Нұрлан Нығматулин мен Чжан Дэзцян Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұзақ мерзімді құжаттарында көрсетілген мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету бағытында парламенттер алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Қазақстандық және қытайлық парламентшілердің алдағы бірлескен әрекетке байланысты жоспарлары зор. Ол қол қойылған келісімге сәйкес, ауқымды мәселелер бойынша әріптестік жөніндегі топтар мен парламенттің салалық комитеттері арасында заң шығармашылық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету. Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин: - Парламент Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы арасында қол қойылған Меморандум Қазақстан мен Қытай басшыларының стратегиялық келісімдерін заңдық қолдауды қамтамасыз етеді-,деді. Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзян да екі мемлекет басшыларының келісімдерін табысты жүзеге асыру үшін парламентаралық қатынасты нығайтудың маңыздылығы зор екенін атап өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық тарап тиімді сұхбат алаңы ретінде әріптестік жөніндегі парламентаралық комиссия құруды ұсынды. Бірлескен парламенттік комиссия жиыны келесі жылы Астанада өтеді деп жоспарланған.

14.10.2013

Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Парламенті Сенатының президенті Тан Сри Абу Захар Дато Ника Ужанга Мәжілістің вице-спикері Сергей Дьяченконың қабылдауында болды.

Ауқымды мәселелерді қамтыған әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың 2012 жылғы сәуір айында Малайзияға жасаған мемлекеттік сапарының маңыздылығы ерекше аталып өтілді. Ал екі жақты қарым-қатынасты дамыту барысында парламентаралық, соның ішінде, депутаттық топтар аясындағы әріптестік мәселесі басты назарда болды. Кездесуге қазақстандық Парламент депутаттары С.Әйімбетов, А. Бижанов, В. Рогалев, С. Қанаев, Қ. Қаракен және Ю.Тимощенко қатысты.

08.10.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лэ Юйчэнді қабылдады.

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен қазан айының 14-17-сі аралығында қазақстандық парламенттік делегациясының Қытай еліне сапары жоспарланған. Осы қарсаңда тараптар өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін талқыға салды. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті әрі үдемелі даму жолына түскендігі тілге тиек етілді. Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин ҚХР Төрағасының біздің елімізге сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің арасында қол жеткізілген жоғары деңгейлі келісімдер екі жақты қарым-қатынастың стратегиялық көрсеткішінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті. Ал Лэ Юйчэн өз кезегінде Қазақстанның жетістіктеріне қатысты ыстық ықыласын білдірді. - Астанаға келген алғашқы күннен бастап, мені Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында жасалынып жатқан өзгерістер мен екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы таңқалдырды,-деді. Қос елдің парламентаралық байланысы да назардан тыс қалмады. - парламентаралық өзара ынтымақтастықты дамыту жолында, заң шығармашылық жұмысында тәжірибе алмасу, яғни, маңызды бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету, салалық комитеттер арасында байланыстарды нығайту, парламентаралық ұйымдар аясындағы әріптестік басым бағыттар болып табылады,-деді Мәжіліс Төрағасы. Нұрлан Нығматулин мен Лэ Юйчэн парламент өкілдерінің байланысын алдағы уақытта да белсенді нығайтуға сенім білдіре келіп, мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің игілігі жолында қарқынды дами береді деген ортақ пікірлерін жеткізді.

27.09.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Люксембург Ұлы Герцогтігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пьера Феррингті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар, қазақстандық-люксембургтік әріптестікке қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Палата Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстан Президенті мен Ұлы Герцогтігінің жетекшісі арасындағы қол жеткізілген келісімдер қос ел қарым-қатынасының тұрақты дамуына негіз болып отыр. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин, Люксембургтік жаңа технологиялар мен инновацияларды энергетика мен медицина салаларында тиімді пайдалану, екі ел ынтымақтастығының әлеуетін күшейте түсетінін баса айтты. Әсіресе Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі қарсаңында маңыздылығы арта түспек. Тараптар парламентаралық әріптестікті нығайту мүмкіндіктерін де назардан тыс қалдырмады. Мәжіліс Спикері депутаттық корпустың барлық күш-жігері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында жүктелген міндеттерді заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті. Мәртебелі мейман өз кезегінде Қазақстанның соңғы уақыттардағы қарқынды дамуын тілге тиек ете отырып, Люксембург мемлекетінің барлық салада әріптестікті кеңейтуге ынталы екенін және парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтатынын жеткізді. Ал, халықаралық мәселелерге келгенде, кездесу иелері барлық мемлекеттердің халықаралық лаңкестік пен басқа да ғаламдық қатерлерге қарсы күш біріктіруі жөнінде әңгіме өрбітті. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Люксембургтің Ауғанстан қауіпсіздігіне байланысты халықаралық күш-жігерге қолдау көрсету аясында да өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

12.09.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы өкілеттігін аяқтағалы отырған Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады.

Мәжіліс Төрағасы дипломатқа Қазақстан мен Америка арасындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайту жолындағы табысты жұмысы үшін өз алғысын білдірді. Тараптар қос елдің түрлі саладағы, әсіресе, аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстанға қолдау көрсету, ядролық қарусыздану мәселелеріндегі ынтымақтастығын айрықша атап өтті. Нұрлан Нығматулин және Кеннет Фэйрфакс қазақстандық-американдық парламентаралық әріптестіктің даму деңгейін де жоғары бағалады. Әңгіме барысында Мәжіліс Төрағасы депутаттық корпустың барлық күш-жігері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында жүктелген міндеттерді орындауға бағытталғанын сөз етті. Кеннет Фэйрфакс діттеген мақсатқа жету Қазақстанның одан әрі көркеюін қамтамасыз ететінін тілге тиек ете келіп, қазақстандық депутаттардың жұмысына табыс тіледі. - Менің Қазақстандағы АҚШ елшісі ретіндегі жұмысым аяқталғанымен, мен сіздердің елдеріңізде болып жатқан өзгерістерді ықыласпен қадағалап отыратын боламын,-деді мәртебелі мейман. Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин Кеннет Фэйрфакстің Халықаралық Энергетикалық Агенттіктегі қызметі өзара қарым-қатынастың, соның ішінде, «ЭКСПО-2017» халықарлық көрмесі аясында одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

03.06.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөле отырып, қазақстандық-латвиялық өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулин мен Андрис Берзиньш барлық сала бойынша, соның ішінде, сауда-экономикалық, мәдени, білім, ауылшаруашылығы, сондай-ақ, парламентаралық өзара іс-қимыл бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біздің елімізде Қазақстанның Орта Азия аймағында инвестиция тарту бойынша көш бастауға мүмкіндік беретін қолайлы инвестициялық климат қалыптастқандығын атап өтті. Өз кезегінде Андрис Берзиньш біздің елдеріміз жеткен табыстарды тілге тиек ете келіп, Қазақстан мемлекеті мен Елбасының ғаламдық өзекті мәселелерді шешу, әсіресе, ауған жағдайына қатысты күш-жігерін жоғары бағалады. Нұрлан Нығматулин, парламентаралық бағыттағы әріптестік туралы сөз еткенде, қазіргі уақытта Мәжілісте және Сеймеде жұмыс істейтін, ынтымақтастық жөніндегі өкілетті топтардың жұмысына жеке тоқталды. - Парламенттік салалық комитеттер мен достық топтар арқылы ықпалдастықты одан әрі кеңейту керек және бұл өте маңызды,-деді Мәжіліс Спикері. Нұрлан Нығматулин, Андрис Берзиньштің Қазақстанға алғашқы сапары біздің елдеріміздің, соның ішінде, парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың жаңа белесіне бастайтынына сенім білдірді.

02.06.2013

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген, Еуропалық комиссия Төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Тараптардың атап өткеніндей, қазіргі уақытта екі жақты қарым-қатынас жаңа белеске көтерілген. Нұрлан Нығматулин Еуроодақпен әріптестік байланысты дамыту, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы стратегиялық басымдықтарының бірі екендігін атап өтті. Өз кезегінде Жозе Мануэль Баррозу Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында жеткен біздің мемлекетіміздің зор табыстарын сөз ете келіп, Қазақстанның Еуроодақ үшін екіжақты да, аймақтық та қарым-қатынас аясында, әсіресе, тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесінде ең маңызды ел екеніне баса назар аударды. Бүгінгі күні Еуроодақ - Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Қазақстандық сыртқы сауда айналымының 49,7% Еуропалық Одақ үлесіне тиесілі. Қазақстан аталған одақтың энергиялық тәуелділік және энергиялық қауіпсіздік саласында стратегиялық әріптесі болып табылады. Сондықтан, Мәжіліс Төрағасы энергетикалық сұхбатты бірқатар бағыттар бойынша дамыту қажеттілігін айта келіп, Еуропалық Одақ елдерінің ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» дүниежүзілік көрмесінің дайындығына және өткізілуіне белсене араласатындығына сенім білдірді. Кездесу иелерінің тағы бір атап өткендігі, аталған елдер арасында ғылыми-зерттеу, технологиялық және инновациялық бағыттарды, сонымен бірге, білім, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша ынтымақтастығын нығайтудың әлеуеті зор. Мәртебелі мейман Қазақстан - еліміздің таңқаларлық даму қарқыны мен екпініне негізделген, әріптестік туралы Келісім жасау жөнінде Еуроодақ келіссөз жүргізіп жатқан Орталық Азия аймағындағы алғашқы мемлекет екенін ерекше атап өтті. Бұл келісім – шын мәнінде, болашақ ұрпаққа арналған құжат – деді, Жозе Мануэль Баррозу. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин мен Жозе Мануэль Баррозу, Қазақстан мен Еуропалық Одақты еуроатлантикалық және еуропалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы ұстанымдарының ұқсастығы біріктіретінін атап өтті. Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан парламентарийлері Еуроодаққа мүше-мемлекеттер, сондай-ақ, Еуропалық Парламенттік әріптестерімен, соның ішінде, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында тиімді ықпалдастық орнатқан. - Бүгінгі күні Комитет екіжақты қарым-қатынас аясында жеткен жетістіктер мен ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелерді ашық және сенімді түрде талқылауға мүмкіндік беретін пікір-талас алаңына айналды,- деді Нұрлан Нығматулин. Ал, Жозе Мануэль Баррозу бүгінгі күні Мәжілісте қаралып жатқан заң жобалары, олардың маңыздылығы мен өзектілігі, Палатаның заң шығару жұмысының халықаралық стандарттар деңгейінде атқарылып жатқандығының толық дәлелі,- деді. Тараптар парламентаралық байланысты одан әрі дамыту Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықпен өзара түсіністікті нығайтумен қатар, теңқұқықтық әріптестік қағидасын сәйкестендіретіндігін тілге тиек етті.

22.05.2013

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин Румыния Парламенті депутаттар Палатасының Төрағасы Валериу Згонямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар VI Астаналық экономикалық форумның, сондай-ақ, дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның маңыздылығына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Валериу Згоня аталған сұхбат алаңы аясындағы талқылаулар заманауи өзекті мәселелерді шешу жолында нақты қадамдар жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық кеңістік үшін де, бүкіл әлем үшін де зор маңызға ие ауқымды бастамаларын айрықша атап өтті. Өз кезегінде Валериу Згоня Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жоғары бағалап, біздің еліміздің тағы да зор табыстарға жететініне сенім білдірді. Екі ел арасындағы әріптестік туралы сөз ете келіп, Нұрлан Нығматулин: - Біздің елдеріміздің арасында сындарлы сұхбат орнады. Румыния Қазақстанның Шығыс Еуропадағы және Балқанақтағы негізгі әріптесі болып табылады,-деді. Валериу Згоня өз кезегінде ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті жоғары екендігін жеткізді. 2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3 миллиард долларды құрады. Қазақстанда 38 бірлескен кәсіпорын, ал Румынияда 13 кәсіпорын табысты жұмыс атқарып жатыр. Тараптар сонымен бірге, екі жақты қатынасты дамытуда екі ел парламенттерінің де айтарлықтай үлес қоса алатындығын тілге тиек етті. - Біздің елдеріміздің жоғары заң шығарушы органдары арасында әріптестік қатынас орнату арқылы Румыния еліндегі әріптестерімізбен байланысты күшейтуге мүдделіміз,-деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы. Екі Парламентте де ынтымақтастық жөніндегі топтар құрылған.

20.05.2013

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ парламенттік Ассамблеясы төрағасының міндетін атқарушы Вольфганг Гроссрукпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар көп қырлы және екі жақты негіздегі парламенттік ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы Парламенттік Ассамблея ЕҚЫҰ-мен бірдей әлемдік қауымдастықта сенім пен өзара түсіністікті қалыптастыруда негізгі рөль атқаратынын атап өтті. 1975 жылы тарихта қалған Хельсинки келісімінің мұрагеріндей болған ЕҚЫҰ саяси және қоғамдық дипломатияның сұхбат алаңына айналды. - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясында біздің мемлекетіміздің саяси либерализм жолымен жүруді кезең-кезеңмен жалғастыруға ниетті екенін тағы бір дәлелдеді, - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин. Вольфганг Гроссрук өз кезегінде Қазақстаннның бүгінгі күні экономикасы мықты, мәдени әлеуеті жоғары, демократия мәселесінде алдыңғы қатардағы ел екендігін айта келіп, Қазақстан Президентінің әсіресе, ядролық қарусыздану саласындағы және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жолындағы ауқымды бастамаларына жоғары баға берді. Екі жақ сондай-ақ, Астана декларациясының жалғасы болатын «Хельсинки + 40», процесін жүзеге асыру, оның Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығын қалыптастыруды көздейтін тетіктерін де сөз етті. Нұрлан Нығматулин мен Вольфганг Гроссрук ынтымақтастық жөніндегі парламенттік салалық комитеттер мен топтар арқылы өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.

17.05.2013

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Омер Тузелмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар біздің елдеріміз қарым-қатынасының стратегиялық маңызына баса назар аударды. Нұрлан Нығматулин мен Омер Тузел, Түркия мен Қазақстан мемлекеттері басшыларының елеулі еңбегінің арқасында барлық салада екі жақты байланыстың жыл сайын жаңа белестерге көтеріліп, ал саяси сұхбаттың ашық және сенімді сипатқа ие болғандығы туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық-түрік қатынасын дамытудағы және түркітілдес мемлекеттер интеграциясы мәселелеріндегі рөліне тоқталды. Омер Тузел де өз кезегінде біздің елдеріміздің барлық саладағы жоғары даму қарқынын айта келіп, Қазақстан Көшбасшысының түркітілдес мемлекеттер интеграциясына қосқан үлесіне жоғары баға берді. Кездесу иелері аталған мемлекеттер парламенттерінің екі жақты және көп қырлы ынтымақтастығына да айрықша көңіл бөлді. Әсіресе, достық топтары арасындағы байланыстың қарқынын арттыру жайы жеке сөз болды. Айта кететін болсақ, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысымен ынтымақтастық жөніндегі топтың құрамында 19 Мәжіліс депутаты бар. Нұрлан Нығматулин мен Омер Тузел қазақстан-түрік, соның ішінде, екі елдің парламенттері арасындағы әріптестіктің алдағы уақытта да белсенді дами беретініне сенім білдірді.

03.05.2013

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Ұлыбританияның Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары, Лордтар палатасының мүшесі, баронесса Саида Варсимен кездесуі барысында халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер талқыланды.

Соның ішінде, тараптар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ерекше назар аударды. Мәжіліс Төрағасы халықаралық қауымдастықтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жасап жатқан әрекетіне Қазақстан мен Елбасының қосып жатқан үлесін айта келіп, Ауғанстанға көмек ретінде біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және гуманитарлық жобаларды сөз етті. Ұлыбританияның Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары да осы мәселедегі Қазақстанның ықпалына жоғары баға бере келіп, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен біздің еліміздің әлемдік аренадағы халықаралық жоғары беделіне тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Саида Варсидің пікірінше, әріптестікті кеңейту, соның ішінде, парламенттер арасындағы ықпалдастықты нығайту қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелерін ғаламдық деңгейде ілгерлетуге мүмкіндік береді. Екі жақ бүкіл әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жағдайларын сөз ете келіп, «Болашақ энергиясы» және аймақтық транспорттық инфрақұрылым тақырыптарына жеке көңіл бөлді. - Біз үшін Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялар дамуында, энергетика саласындағы, соның ішінде, таза және қауіпсіз өндіріс құру жолындағы бай тәжірибелері өте маңызды,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин. Мәжіліс Төрағасы мен Ұлыбритания Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары қазақстандық және британдық парламентшілердің өзара әрекеті алдағы уақытта да екі ел арасындағы түсіністік пен саяси сұхбатты дамытуға бағытталатынына сенім білдірді.

27.03.2013

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Микко Киннуненмен кездесіп, қазақстандық және финляндиялық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгіме барысында тараптар екі елдің қазіргі даму үдерісі Қазақстан мен Финляндияның арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестіктің жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігінің дәлелі екендігін айтты. Сонымен қатар, саяси сұхбат жолындағы жоғары жетістік тікелей екі елдің Көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистёнің еңбектерінің жемісі екендігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, екі елдің парламентаралық ынтымақтастық жағдайы да назардан тыс қалмады. Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде: «Қазақстандық парламент өкілдерін, финляндиялық әріптестердің заң шығару жолындағы, әсіресе, инновациялық даму, білім жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» жолмен келу, жемқорлықпен күрес, жалпы алғанда, мемлекет пен азаматтық қоғамды жаңғырту жолындағы жұмыс тәжірибелері ерекше қызықтырады», - деп атап өтті. Аталған екі елдің жоғары заң шығарушы органдары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі күшейту мақсатында Қазақстан Парламентінде Финлияндиямен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылды. Нұрлан Нығматулин мен Микко Киннунен парламент өкілдері арасындағы байланыстың алдағы уақытта жаңа белеске көтерілетініне және Қазақстан мен Финляндия арасында табысты ынтымақтастықтың болашағы зор екендігіне сенім білдірді.

12.03.2013

Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин елші, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық-еуропалық одақтың ынтымақтастығы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, әріптестік қарым-қатынасты тереңдету Қазақстанның да, Еуроодақтың да сыртқы саясатының стратегиялық басымдығы екені баса айтылды. Екі жақ Қазақстан мен Еуропалық одақты еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы ортақ ұстаным біріктіретінін тілге тиек етті. Осы жерде Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия аймағындағы, жалпы әлемдік қауіпсіздікті дамытудағы үлесіне жеке тоқталды. Парламент Мәжілісінің Төрағасы мен ЕО өкілдігінің басшысы екі жақты қарым-қатынасты күшейтуде парламентаралық ынтымақтастықтың орны ерекше екенін атап өтті. 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті маңызды мәселелерді талқылайтын тиімді сұхбат алаңы болып табылады. Өзара байланысты одан әрі тереңдете түсу үшін қазіргі уақытта Қазақстан мен Еуроодақ арасында жаңа Келісім бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты – алдағы әріптестіктің басым бағыттарын анықтау және бекіту. Тараптар Қазақстан мен Еуродақтың өзара ынтымақтастығының табысты болуының мүмкіндігі зор екеніне сенім білдірді.

06.03.2013

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания Сыртқы Істер министрлігінің саяси мәселелер бойынша директоры, Премьер-Министрдің Ауғанстан мен Пәкістан бойынша өкілі Саймон Гасспен кездесті.

Жүздесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша пікір алмасылды. Мәжілісмен Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі болып табылатын Біріккен Корольдықпен байланыстардың өркендеуіне баға берді. Тараптар Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға халықаралық қауымдастық үйлестіріп отырған мәселеге қолдау жөнінде бірегей көзқарас танытты. Сонымен қатар олар Сириядағы жағдайлар бойынша да пікір аламасты.

31.01.2013

Кеше, 30 қаңтар күні Парламентке Қазақстандағы Иордан Хашимит Королдығының Төтенше және Өкілетті Елшісі Слайман Арабиат келді.

Дипломатты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қабылдады.

31.01.2013

Кеше, 30 қаңтар күні Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев БҰҰ-ның жазалау түрлерінің алдын алу бойынша Кішікомитетінің төрағасы Мальколм Эвенспен кездесті.

Тараптар әңгіме барысында Мәжілісте қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жайында талқылады. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен қатысты.