Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Парламенттік тыңдаулар

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтеді.

Парламенттік тыңдауда мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің, қайта өңдеу мен экспорттаудың, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың, ішкі нарықты жалған өнімдерді әкелуден қорғаудың өзекті мәселелері және басқа да мәселелер талқыланады.

Талқылауға Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шетелдік және отандық сарапшылар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысады.

Талқылау қорытындылары бойынша бизнес өкілдерінің және өзге де тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкіметіне шешім қабылдау үшін жіберілетін болады.

14.05.2019
13.05.2019
08.05.2019
08.05.2019
«Сыбаға» мал шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпорындарды кредиттеу бағдарламасына қатысты.
06.05.2019
Парламенттік тыңдаудың тақырыбы бойынша шолу анықтамасы дайындалды, онда Қазақстанның мал шаруашылығындағы ағымдағы жағдай, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу динамикасы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау және саладағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, асыл тұқымды мал шаруашылығын, жемшөп өндірісін дамыту, мал шаруашылығы бойынша бағдарламаларды іске асыру нәтижелері, жайылымдармен қамтамасыз ету, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік, саланы кадрлық қамтамасыз ету сияқты және басқа да мәселелер көрсетілген.
24.04.2019
Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты – өңірлердегі суармалы жерлерді пайдалану саласындағы ахуалмен, проблемалармен және өзекті мәселелермен практикалық түрде танысу. Іс-шараны өткізу барысында суармалы жерлерді дамыту бағдарламаларын іске асырудың, тиісті инфрақұрылым құрылысының мәселелері және өңірлік деңгейдегі өзге де мәселелер талқыланды.
18.04.2019
Бүгін Парламент Мәжілісінде АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланатын дөңгелек үстел отырысы өтті.
03.04.2019
ЖОО үшін ветеринариялық мамандықтар бойынша гранттардың құнын ұлттық университеттер деңгейіне дейін көтеру туралы.
15.03.2019
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасы шеңберінде субсидиялардың уақтылы төленбегені туралы.
06.03.2019
27.11.2018
Бүгін Парламент Мәжілісінде дөңгелек үстел отырысы өтіп, оның барысында елдің эпизоотиялық және фитосанитарлық жай-күйінің өзекті мәселелері талқыланды.
16.05.2018
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының, Аграрлық мәселелер комитеті мүшелерінің Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыларымен кезекті кездесуі өтті.
17.04.2018
Бүгін Комитеттің тақырыптық отырысы өтіп, онда қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірудің ағымдағы жай-күйі және саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, жоспарланған іс-шаралар талқыланды.