Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Комитеттер отырысы

31.05.2019

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау бойынша жұмыс тобының Солтүстік Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы

2019 жылғы 31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау мақсатымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары: Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов, жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов, жұмыс тобының мүшелері – депутаттар Майра Арапқызы Айсина, Марат Дәрібекұлы Бопазов, Юрий Евгениевич Тимощенко,Парламент Сенатының депутаты Ерік Хамзаұлы Сұлтанов,Солтүстік Қазақстан облысының әкіміҚұмар Іргебайұлы Ақсақалов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығыныңБасқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Тілеуханұлы Майкенов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов ашып, жүргізді. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов сөз сөйледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев баяндама жасады, Заң жобасының Парламент Мәжілісінде қаралу барысы туралы жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов айтып берді, көшпелі отырыстың тақырыбы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Худяков Сергей Герольдович сөз сөйледі. Отырыс барысында тұрғын үй қорын басқарудағы Заң жобасының жаңалықтары,«бір үй – бір меншік иелерінің бірлестігі – бір есеп шот» моделін енгізу және пәтер иелерінің кооперативтерін басқарудың жаңа түріне ауыстыру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қаражат жинақтау үшін «бір үй – бір есеп шот» тәсілі, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тұрғындардың, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді зерттеп, оларды жөндеу қажеттілігін шешетін тұрғын үй инспекциясының рөлін күшейту талқыланды.Сонымен қатар Заң жобасын талқылау барысында қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауап берілді. Сондай-ақ Заң жобасын талқылау барысында болған нақтылаушы сипатқа ие ұсыныстар Заң жобасын қарастыру барысында есепке алынады. Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелерін қолдады.
30.05.2019

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау бойынша жұмыс тобының Ақмола облысындағы көшпелі отырысы

2019 жылғы 30 мамырда Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау мақсатымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары: Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов, жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов, жұмыс тобының мүшелері – депутаттар Меруерт Айтқажықызы Қазбекова, Майра Арапқызы Айсина, Марат Дәрібекұлы Бопазов, Юрий Евгениевич Тимощенко,Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығыныңБасқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Тілеуханұлы Майкенов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов ашып, жүргізді. Отырыста Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы сөз сөйледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев баяндама жасады, Заң жобасының Парламент Мәжілісінде қаралу барысы туралы жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов айтып берді. Отырыс барысында тұрғын үй қорын басқарудағы Заң жобасының жаңалықтары,«бір үй – бір меншік иелерінің бірлестігі – бір есеп шот» моделін енгізу және пәтер иелерінің кооперативтерін басқарудың жаңа түріне ауыстыру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қаражат жинақтау үшін «бір үй – бір есеп шот» тәсілі, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тұрғындардың, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді зерттеп, оларды жөндеу қажеттілігін шешетін тұрғын үй инспекциясының рөлін күшейту талқыланды.Сонымен қатарЗаң жобасын талқылау барысында қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауапберілді. Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелерін қолдады.
17.05.2018

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік үшін бизнесті жүргізу шарттарын оңайлату мәселелері бойынша көшпелі отырысы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары көшпелі отырыс шеңберінде облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысымен танысты, сондай-ақ Шортанды ауданындағы полиэтилен өнімін шығаратын - «Полимер Пласт» ЖШС-нің, ұн өнімін шығаратын - «Даржан групп» ЖШС-нің, сондай-ақ шұжық және ет өнімдерін шығаратын «Ақпан 17» ЖШС-нің объектілерінде болды. Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша 2018 жылғы 17 мамырда Шортанды ауданы әкімдігінің отырыс залында Комитеттің кеңейтілген көшпелі отырысы болды, оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары, сондай-ақ Ақмола облысы жұртшылығы мен кәсіпкерлік өкілдері қатысты. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сапар Қайратұлы Ахметов ашты. Отырыста Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Ш.Қ. Ахметов, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Р.М. Жүрсінов, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Б. Әлтаев, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Н.Т. Малелов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және облыстағы кәсіпкерлік ортаның өкілдері сөз сөйледі. Депутаттармен кездесу барысында облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелері талқыланды.
10.11.2016

2016 жылғы 6-8 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың қатысуымен Алматы облысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы болып өтті.

Көшпелі отырыс «Қорғас – Шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аймағын дамыту, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін салу бойынша «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысу, сондай-ақ жасанды селден қорғау құрылыстарына бару мақсатында өткізілді. Көшпелі отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Алматы-Қорғас» автомагистралінің учаскелерін, «Қорғас – Шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аймағының «құрғақ портындағы» терминалдардың қуатын, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын, Жаркент қаласындағы жүгері-сірне зауытын, сондай-ақ Қорғас өзеніндегі селден қорғау құрылыстарын көріп қайтты. Көшпелі отырыстың қорытындылары бойынша 2016 жылғы 7 қазанда «Қорғас – Шығыс қақпалары» АЭА» басқарушы компания» АҚ ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың, Алматы облысының әкімі А.Ғ. Батталовтың, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қорғас – Шығыс қақпалары» АЭА» басқарушы компания» АҚ, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ көлік-логистика саласының бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.С. Сабильянов ашты және жүргізді. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко және Алматы облысының әкімі А.Ғ. Батталов сөз сөйледі, сондай-ақ көлік-логистика жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Б.С. Камалиев баяндама жасады, Қорғас өзеніндегі селден қорғау құрылыстары мәселелері бойынша ҚР Ішкі істер вице-министрі Ю.В. Ильин баяндады, Комитеттің көшпелі отырысының тақырыбы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпкерлік топтардың өкілдері сөз сөйледі. Кездесу барысында депутаттар еліміздің көлік-логистика кешенін және кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылады. Көшпелі отырыс нәтижесі бойынша ұсыныстар әзірленді.
15.09.2016

2016 жылғы 15 қыркүйекте Комитеттің «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 69-қадамын іске асыру барысы туралы» тақырыбында сауда қызметін мемлекеттік реттеудің мәселелері бойынша тақырыптық отырысы өтті.

Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының, тауар биржаларының, бөлшек сауданың, Қарағанды облысы кәсіпкерлері мен басқа да сарапшы ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты Комитеттің Төрағасы Н.С. Сабильянов жүргізді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықов баяндама жасады. Баяндамасында қазіргі сауда нарығының заманауи сауда форматтарына ауысуымен байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жекелеген нормаларын іске асырудың барысы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ осы отырыстың тақырыбына орай Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұрова, Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының Вице-Президенті Ж.Т. Әжібаева, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Б. Альтаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты П.О. Казанцев сөз сөйледі. Кездесу барысында депутаттар сауда саласымен айналысатын кәсіпкерлердің проблемалары мен оларды шешудің жолдарын, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 69-қадамын іске асырудың барысын, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.
17.05.2016

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде жаңадан қабылданған 59 заңның орындалуын бақылау бойынша Алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берілген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында және Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік дамыту комитетінің Алтыншы шақырылымның бірінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 17 мамырда: «97 қадам. Ұлт Жоспары 100 нақты қадамының мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру бөлігінің орындалу барысы туралы.» тақырыпта кеңейтілген отырысы өткізілді. Комитеттің отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсының өкілдері және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты Комитеттің төрағасы Р.В. Скляр жүргізді. Ұлт Жоспары 100 нақты қадамының мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру бөлігінің орындалу барысы туралы Ұлттық экономика министрлігінің Бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайынов баяндама жасады. «Бәсекелестік ортаның мемлекеттік органдар функцияларын қабылдауға дайындығы жөнінде талдау» тақырыбы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Р.М. Жүрсінов баяндама жасады. Сонымен бірге кеңейтілген отырыстың тақырыбы бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Е. Базарбаев баяндама жасады. Кездесу барысында депутаттармен мемлекетке тән емес функцияларды одан әрі бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
28.04.2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің орынбасары В.К.Божко және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыты ретінде тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын құру мәселесі бойынша көшпелі отырысы өткізілді. Көшпелі отырысқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө.Исекешев, ҚР Ұлттық экономика, ҚР Қаржы министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағының және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты. Отырысты Комитеттің төрағасы Р.В. Скляр жүргізді. Сәлемдеме сөзін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің орынбасары В.К. Божко сөйледі. Көлік-логистика жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша баяндамамен ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек сөз сөйлейді. Сондай-ақ кеңейтілген отырыстың тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М.Жақсылықов, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық комипания» АҚ Вице-Президенті Б.С. Қамалиев, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компания» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Ә. Қизатов сөз сөйледі. Кездесу барысында елдің көлік-логистика кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
03.11.2014

2014 жылғы 3–ші қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, сөл отырысында Тұтынушы өнімдерін техникалық реттеу мәселелері қаралды. Отырысты Комитет төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Н. Назарбаева қатысты.

Бұл мәселе бойынша: Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б. Қанешев, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы А.Б.Матишев, Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Р.С. Ошақбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Т. Перуашевтер сөз сөйледі. Депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Комитетінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.
05.06.2012

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Алматы қаласындағы көшпелі отырысы (2012 жылғы 31 мамыр-1 маусым) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңару - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген негізгі бағыттарды және бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті 2012 жылғы 31 мамыр мен 1 маусым аралығында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағыда (Алматы қаласы) көшпелі отырысын өткізді. ИТП АЭА–нің бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Алматы вентилятор заводы» ЖШС-де, «Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» АҚ-да, «КПМС ҰО РМК» -да, «Мембранды технологиялар» ЖШС-де болды және ИТП АЭА-ға қатысушы компаниялар іске асыратын жобалармен танысты. Көшпелі отырыс ИТП АЭА-ның ғимаратында өтті. Отырысты Комитет төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Ол өзінің сөзінде «Инновациялық технологиялар паркі»-нің құру стратегиялық мақсаты, жақын жылдары отандық және дүниежүзілік экономикада басымды рөл ойнайтын «болашақ экономиканың» басым секторлерін қолдауға бағытталған, соның ішінде ақпараттық техологиялар, байланыс пен телекоммуникация салаларындағы технологиялар, табиғатты тиымды пайдалану және ресурстарды сақтау мен экономиканың басқада салаларын атап өтті. Комитеттің отырысына мүдделі министрліктердің және ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, холдингтердің өкілдері және ИТП АЭА арнайы экономикалық аймағының мамандары қатысты. Кездесу кезінде жоғары технологиялық, бәсекелестікке қабілетті өндірістерді құру, ендіру мен дамыту және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қызмет істеуі мен одан әрі даму туралы сұрақтары талқыланды.
29.05.2012

2012 жылғы 29 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (екінші оқылым) бойынша кеңейтілген отырысы өтті. Заң жобасы техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық кеңесінің Шешімімен қабылданған халықаралық шарттарға және Дүниежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінде белгіленген халықаралық терминологияға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Е.И. Тарасенко баяндама жасады. Комитеттің талқылау қортындысымен заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға болады деп шешті.
03.04.2012

Комитеттің кеңейтілген отырысы

Бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылау. Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залы. Комитет Төрағасы С.С. Әйімбетов құттықтау сөз сөйледі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиев, Экономикалық даму және сауда вице-министрі А.М.Ескендіров баяндамалар жасады.