Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
05.05.2017

Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Астана. 5 мамыр. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.

05.05.2017

Мәжілісте «Прокуратура туралы» заң жобасы таныстырылды

Астана, 5 мамыр.Мәжіліс Үйі. Бүгін, Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың қатысуымен «Прокуратура туралы» заң жобасы таныстырылды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров отырысты жүргізді.

04.05.2017

Мәжілісте халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өтеді

Астана, 4 мамыр, Мәжіліс Үйі. Парламент Мәжілісінде 2017 жылғы 12 мамырда «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.

04.05.2017

Мәжіліс Төрағасы Әзербайжан елшісін қабылдады

Астана. 4 мамыр. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Маммадов Рашад Эйнаддин оглыны қабылдады.

04.05.2017

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы болады

Астана, 4 мамыр. Мәжіліс Үйі. Ертең, 5 мамыр күні Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы болады.

04.05.2017

Мәжілісте кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер таныстырылды

Астана, 4 мамыр.Мәжіліс Үйі. Бүгін, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заң жобасының тұсаукесері өтті. Оның жұмысына Палатаның вице-спикері Владимир Божко қатысты.

04.05.2017

Мәжілісте «Прокуратура туралы» заң жобасы таныстырылады

Астана, 4 мамыр.Мәжіліс Үйі. Ертең, 5 мамыр күні Мәжілісте Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен «Прокуратура туралы» заң жобасы таныстырылады.

04.05.2017

Мәжілісте көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Астана, 4 мамыр.Мәжіліс Үйі. Бүгін Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельскиидің жетекшілігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстанда көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Оның жұмысын депутат Бақытгүл Хаменова жүргізді.

03.05.2017

Мәжіліс: көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері - дөңгелек үстел

Астана, 3 мамыр.Мәжіліс Үйі. Ертең, 4 мамыр күні сағат 11-00-де А-313 бөлмеде Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.Щегельский «Қазақстанда көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

03.05.2017

Мәжілісте кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер таныстырылады

Астана, 3 мамыр. Мәжіліс Үйі. Ертең, 4 мамыр күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңжобасының тұсаукесері болады.

03.05.2017

Мәжіліс денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана, 3 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

02.05.2017

Мәжіліс: балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері

Астана, 2 мамыр.Мәжіліс Үйі. Бүгін, Парламент Мәжілісінде «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.