Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
21.04.2017

Мәжілісте жеке меншік медицина жүйесін дамытудың жағдайы мен болашағы талқыланды

Астана, 21 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесі мен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бірлескен отырысы өтті.

21.04.2017

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Астана. 21-сәуір. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.

20.04.2017

Мәжілісте: жеке меншік медицина жүйесін дамытудың жағдайы мен болашағы

Астана, 20 сәуір. Мәжіліс Үйі. Ертең, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасында жеке меншік медицина жүйесін дамытудың жағдайы мен болашағы» атты тақырыпта бірлескен отырысы болады.

20.04.2017

Мәжілісте ҚХА депутаттары қазақ тілінің аясын ғаламтор кеңістігінде кеңейту мәселесін талқылады

Астана, 20 сәуір.Мәжіліс Үйі. Мәжілісте өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысында Елбасы белгілеп берген рухани жаңғыру бағдарламасында тілдерді дамытудың маңызы мен ерекшелігіне назар аударылды.

20.04.2017

Орталық Азиядағы ХКҰ басшысы Мәжіліске келді

Астана, 20 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліске Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымының Басшысы Деян Кесерович келді.

20.04.2017

Мәжілісте жеке сот орындаушыларына туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды

Астана, 20 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың жетекшілігінде «Жеке сот орындаушылығы: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында Комитет отырысы болды. Оның жұмысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко қатысты.

20.04.2017

Мәжіліс депутаты ҰҚШҰ Парламент Ассамблеясының отырысына қатысуда

Астана, 20 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитетінің отырысына қатысуда.

19.04.2017

Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсетеді

Астана. 19-сәуір. Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісі Бюросының Қаулысы бойынша Палата депутаттары тасқын су алу жағдайы салдарынан зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударады.

19.04.2017

ҚХА депутаттары қазақ тілінің аясын ғаламтор кеңістігінде кеңейту мәселесін қарайды

Астана, 19 сәуір.Мәжіліс Үйі. Ертең, бейсенбі, 20 сәуір күні Мәжілісте Қазақстан Халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысы өтеді.

19.04.2017

Мәжілісте: «Жеке сот орындаушылығы: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары»

Астана, 19 сәуір, Мәжіліс үйі. Ертең, 20 сәуір күні Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың төрағалығымен «Жеке сот орындаушылығы: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында Комитет отырысы өтеді. Сағат 10-00-де, А-312 бөлмеде.

19.04.2017

Мәжіліс білім саласындағы әлеуметтік мәселелерді реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Астана, 19 сәуір. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата білім беру саласындағы әлеуметтік мәселелерді реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

17.04.2017

Мәжілісте – «Нұр Отан»: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі шаралар туралы

Астана, 17 сәуір.Мәжіліс Үйі. Мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы аясында және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі шаралар туралы» тақырыпта фракцияның кеңейтілген жиналысы өтті.

17.04.2017

Мәжіліс депутаты Жаһандық парламенттік конференцияға қатысады

Астана, 17 сәуір. Мәжіліс Үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Татьяна Яковлева 17-18 сәуірде Вашингтон қаласында (Америка Құрама Штаттары) өтетін Жаһандық парламенттік конференцияға қатысатын болады.

14.04.2017

Бітімгершілік контингентін дайындау және «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының іске асырылу барысы туралы» Мәжілістің көшпелі отырысы

Астана, 14 сәуір.Мәжіліс Үйі. «Бітімгершілік контингентін дайындау және «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы барысы туралы» мәселелер Алматы қаласында өткен Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында қаралды.

14.04.2017

Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Астана. 14-сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

13.04.2017

Мәжілісте: жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылды

Астана, 13 сәуір,Мәжіліс Үйі. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасының тұсаукесері болды.

13.04.2017

Мәжіліс Комитетінің төрайымы Британдық фракцияаралық парламенттік тобы төрағасының орынбасары кездесті

Астана, 13 сәуір. Мәжіліс Үйі. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова Әлемде туберкулезбен күресу бойынша Британдық фракцияаралық парламенттік тобы төрағасының орынбасары, Лордтар Палатасының мүшесі Баронесса Сатимен кездесті.

12.04.2017

Мәжіліс Төрағасы Германиядан келген делегация өкілдерін қабылдады.

Астана. 12-сәуір. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бундестаг депутаты, парламенттік топ төрағасы Манфред Грунд бастаған делегация өкілдерін қабылдады.

12.04.2017

Мәжіліс көлік мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдап, Сенатқа жолдады

Астана, 12 сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

12.04.2017

Мәжілісте: жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылады

Астана, 12 сәуір,Мәжіліс Үйі. Ертең, 13 сәуір, бейсенбі күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасының тұсаукесері өтеді.