Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
31.01.2018

Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы ілеспе түзетулермен таныстырылады

Астана, 31 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі, 1 ақпанда, Мәжілісте жаңа заң жобаларының таныстырылымы болады.

31.01.2018

Мәжіліске Ұлттық экономика министрлігі Статистика мәселелері туралы түзетулерді ұсынады

Астана, 31 қаңтар, Мәжіліс үйі. Ертең, 1 ақпанда Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтеді(сағат 11-00, 2-қабат, конференц-зал).

31.01.2018

Депутаттар жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейтуді ұсынды

Астана, 31 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін «Назарбаев Университетінде» Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру жүйесін дамыту перспективалары туралы» дөңгелек үстел отырысы өтті.

31.01.2018

Мәжілісте коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне арналған Заң жобасы мақұлданды

Астана, 31 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

31.01.2018

Н. Нығматулин: ауылдық және қалалық үкіметтік емес ұйымдарға өз ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау қажет

Астана. 31 қаңтар. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан Палатаның кезекті жалпы отырысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне түзетулерге арналған заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында, Мәжіліс Спикері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына айрықша назар аударды.

30.01.2018

Мәжілісте газ және газбен жабдықтау туралы депутаттық заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымын өткізді.

30.01.2018

Жолдау-2018: ҚХА - орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы

Астана, 30 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының республикалық кеңесі мен Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланған депутаттық тобының отырысы өтті.

30.01.2018

«Назарбаев Университетінде» Мәжіліс депутаттары жоғары білім беруді дамыту келешегі туралы талқылайды

Астана, 30 қаңтар, Мәжіліс үйі. Сәрсенбі, 31 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша депутаттар мен мемлекеттік органдар және ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен талқылау өтеді.

29.01.2018

Мәжіліс газ және газбен жабдықтау туралы депутаттық заң жобасын түзетулермен таныстырады

Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Сейсенбі, 30 қаңтарда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымын өткізеді.

29.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі» - біздің заманымыздың шежіресі» (Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың кітабын талқылауға арналған ҚХА депутаттық тобының отырысы)

Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. «Тәуелсіздік дәуірі» – біздің заманымыздың шежіресі» деген күн тәртібімен, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өтті.

29.01.2018

Мәжілісте діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліске Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы Заң жобасын таныстырды.

29.01.2018

Мәжілісте медицина саласын цифрландыру мәселесі талқыланды

Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен Үкімет сағат өтті. Онда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов баяндама жасады.

29.01.2018

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин БАӘ елшісін қабылдады

Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед әл – Джабар мырзаны қабылдады.

26.01.2018

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасы - Мәжілістегі таныстырылым

Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 29 қаңтарда, Мәжіліс депутаттарына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырады (сағат 15-00, А-309-каб., үшінші қабат).

26.01.2018

Мәжілісте Денсаулық сақтау саласын цифрландыру туралы Үкімет сағаты өтеді

Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 29 қаңтарда Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.

26.01.2018

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

25.01.2018

Нұротандық депутаттар Астана қаласында тарифтерді белгілеу бойынша ұсынымдар қабылдады

Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте депутат Серік Сейдмановтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің «Астана қаласында тарифтерді белгілеу: проблемалары және шешу жолдары» тақырыбында отырыс өтті.

25.01.2018

Мәжілісте мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті.

25.01.2018

Мәжіліске БҰҰ Тұрғын халық қорының Қазақстандағы өкілі келді

Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліске Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халық қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валезе келді.