Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
12.01.2018

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізді

Астана, 12 қаңтар, Мәжіліс үйі. 2018 жылғы 4 -11 қаңтар аралығында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушыларымен 22 кездесу өткізді.

11.01.2018

Петропавл – «Мельница»: нұротандық депутаттардың жұмыс сапары

Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. 12 қаңтарда Мәжіліс депуттаттары «Мельница» ЖШС-нің ұжымымен кездеседі.

11.01.2018

Атырау - «Нұр Отан»: Мәжіліс депутаттары жаңа көпір құрылысымен танысады

Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. 12 қаңтарда депутаттар Атырау облысы Махамбет ауданындағы Орал өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы мен осы аудандағы орман шаруашылығының жұмысшыларымен кездеседі.

11.01.2018

Халық қалаулылары халыққа Жолдауды түсіндірді

Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Шығыс Қазақстан облысында Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов пен Шавхат Өтемісов Ұлан ауданы Восточное ауылының тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді.

11.01.2018

Депутаттар Құрық портындағы паром кешенінің жұмысымен танысты

Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Тарас Хитуов, Әлия Сапарова, Мансұрхан Махамбетов Маңғыстау облысындағы еліміздің транспорт-логистика саласының маңызды нысаны Құрық портындағы паром кешенінің жұмысымен танысты.

10.01.2018

Көкшетау - «Ақ жол» партиясы: адвокаттық қызмет бойынша дөңгелек үстел отырысы

Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. 11 қаңтарда Көкшетау қаласында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

10.01.2018

Маңғыстау: Мәжіліс депутаттары Құрық паром порты кешеніне барады

Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. «Порт-Құрық» ЖШС кешенінің еңбек ұжымымен кездесу 11 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Тарас Хитуов, Мансұрхан Махамбетов, Әлия Сапарованың қатысуымен өтеді.

10.01.2018

ШҚО: Мәжіліс депутаттарының шығыстағы кездесуі

Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. Орта мектептің акт залы Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов, Шавхат Өтемісов, Ольга Шишигина және Ұлан ауданының Восточное ауылының тұрғындары үшін кездесу орны болады.

10.01.2018

Жамбыл: Мәжіліс депутаттары облыстағы кәсіпорындарға барды

Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев пен Ержан Құдайберген Жамбыл облысының бірқатар серіктестіктері мен кәсіпорындарын аралады. Олар алдымен «Қазфосфат» ЖШС-ның Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар зауытына» барды.

10.01.2018

Индустриялық дамуды мемлекеттік қолдау

Астана, 10 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттарының Қарағанды облысындағы іс сапарлары барысында халық қалаулылары мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен танысып, түрлі ұйымдардың қызметкерлерімен кездесті.

09.01.2018

10 қаңтарда - Мәжіліс депутаттары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы сайлаушылармен кездеседі

Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Ертең Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев пен Құдайберген Ержан Жамбыл облысының Байзақ ауданына барады. Онда «Рола-7» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған (12-00, Красная Звезда ауылы).

09.01.2018

Депутаттар дуалды оқыту жүйесінің орындалу барысын қарады

Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Еліміздегі дуалды оқыту жүйесі туралы Атырау облысында Мәжіліс депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова мен Білім және Ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қатысқан келелі жиында айтылды.

09.01.2018

Көтерілген мәселелер Мәжіліс депутаттарының назарына алынды

Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Смағұл Бақытбек, Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова Атырауға келді.

09.01.2018

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко Қостанай облысында бірқатар кездесулер өткізді

9 қаңтар, Астана, Мәжіліс Үйі. Палата Төрағасының орынбасары Владимир Божко Қостанай облысына жасаған сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

09.01.2018

Мәжіліс депуттары «Смарт Орал» орталығына оң бағасын берді

9 қаңтар, Астана, Мәжіліс үйі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары Бақтияр Мәкен, Жексенбай Дүйсебаев және Зәуреш Аманжолова жақында ашылған «Смарт Орал» халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

09.01.2018

Мәжілісмендер Алматы облысындағы«Нұрлы жер» нысандары және сүт-тауарлы фермаларының жұмысымен танысты

9 қаңтар, Астана, Мәжіліс үйі.Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев, Сәкен Қаныбеков, Марат Бопазов және Серік Сәпиев өңірлерге жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы бірқатар нысандарды аралап шықты.

08.01.2018

Мәжіліс депутаттары ЖОО-дағы келелі мәселелерді көтерді

Астана, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Гүлмира Исимбаева, Серік Сейдуманов, Гүлнар Иксанова мен Жәмила Нұрманбетова және басқа да депутаттар Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді.

08.01.2018

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапармен жүр

Астана. 8-қаңтар. Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» Партиясы фракциясының мүшелері В.Қайназаров, Б.Жылқышиев, М.Айсина, Б.Оспанов, С.Ахметов, А.Жаилғанова, Ф.Қаратаев өңірлерге іс-сапар барысында Оңтүстік Қазақстан облысында болып, тұрғындармен жүздесті.

08.01.2018

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтөбе өңірін көгілдір отынмен қамту жұмысына жоғары баға берді

Астана. 8-қаңтар. Мәжіліс үйі. Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева Қазақстан Республикасындағы газбен жабықтаушы ірі компания - "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның Ақтөбе өндірістік филиалында болды.

05.01.2018

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Ақмола облысы тұрғындарымен кездесті

Астана. 5-қаңтар. Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттарының аймақтарға іс-сапары барысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысының орталығы, Көкшетау қаласына келді.